Теңдік және теңсіздікті жазу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Күні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теңдік және теңсіздік

Оқу мақсаты:

1.2.2.1. Теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырата білу ;

«≠», «=» таңбаларын қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;

Оқушылардың көпшілігі: “+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана алады,салыстыра алады;

Кейбір оқушылар: теңдік пен теңсіздікті құрады және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

сандар мен шамаларды салыстырады және олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын түсіндіре біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бұл:

• сонша/бірдей,тең, теңдік;

•, бірдей емес, әр түрлі, тең емес, теңсіздіктер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Талқылау:

- Сендер не байқадыңдар?

- Таразы басы тең бе?

- Өлшеу нәтижесінде не шығады?

-Егер таразы теңдеспесе, нені білдіреді?

-Бұл теңдік екенін біз қалай білдік?

-Бұл мәнге қарағанда (ол өрнек, мән) артық, кем бола ма?

Жазылым:

• теңдігіңізді көрсететін диаграмманы құрыңыз.

Бұған дейін меңгерілген білім

100-ге дейінгі сандық жүйені түсінуі; салыстыру және салыстыру сөздерін пайдалана білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал.

1. Шаттық шеңбері: «Бүгін менің көңіл күйім .......ұқсайды»

Шарты: Оқушылар шеңбер болып орналасады. Ойыншылар өздерінің көңіл күйлерін сөйлемді аяқтау арқылы айтады. Мысалы: «Бүгін менің көңіл күйім аспандағы жеңіл бұлтқа ұқсайды.Ал сенің?»-деп ары қарай жалғастырады. Тапсырма шеңбер бойынша орындалады да, мұғалім жалпы сыныптың көңіл күйін анықтайды. «Шеңберге жиналу уақыты» доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді:

  • Математика пәнінде не үйренеміз?
  • Онға дейін тура сана.
  • Оннан кері сана.
  • Ондықтармен сана.
  • Жазық фигураларды ата.
  • Кеңістік фигураларын ата.
  • Біз қандай шамалармен таныстық?
  • Массаның өлшем бірлігін ата.
  • 1 сағатта неше минут бар?
  • 6 мен 5-ті салыстыр.

Сабақтың тақырыбын ашу:

- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты заттарды салыстыра отырып, теңдік,теңсіздік және тура,тура емес теңдіктерді білу, ажырату.

- Сабағымыздың мақсатына жету үшін әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Тапсырманы орындап болған соң , өздеріңді бағдаршам түстерімен бағалап отырасыңдар.

Доп

Сабақтың ортасы

8 минут

2 минут

10 минут

5минут

Таразы табақшасын пайдалану

Таразының бір табақшасына 4 кәмпит салу. Таразының екінші табақшасына бірнеше кәмпитті салуын сұрау. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қою:

— Сендер не байқадыңдар?

— Таразы басы тең бе?

— Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?

—Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады?

Оқушылардың өздеріне қорытынды шығарып, ереже айтқызу.

«Ойлан!»

- Оқулығымыздың 28-бетіндегі 1- суретке қараймыз.

- Дарында неше шар бар?

- Динада ше?

- Екеуінің шарының саны бірдей ме?

- Оны қалай жазуға болады?

- Келесі сурет бойынша не айтуға болады?

- Оны қалай жазамыз?

Сергіту сәті

Топтық жұмыс.

1-топ- қораптағы кәмпиттерді салыстырып, белгі қояды.

Жауабы: 5 ≠7 , 5<7

2-топ-суреттердің қайсысында теңдік,қайсысында теңсіздік бейнеленгенін табады.

Жауабы: 5=5 , 6 ≠ 9.

3- топ- 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға болатынын талқылайды,бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастырады .

Жауабы:

теңсіздіктертеңдіктер

1 ≠ 11; 6 = 6.

2 ≠ 10;

3 ≠ 9;

4 ≠ 8;

5 ≠ 7.

4-топ- таразы табағының тең емес жағдайын бағалайды. Таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көреді.

Жауабы: а) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу; ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табаққа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол жақтан 2 алманы алып тастау).

Жеке жұмыс

Оқушылар теңсіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.

Жауабы:

а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б) теңдік 4 = 4.

Оқулық

Таразы

Цифрлар, >, < белгілері

Цифрлар

Әр түрлі суреттер салынған карточкалар,

теңдік пен теңсіздіктер белгілері

Әр түрлі заттар

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

2 минут

. Жұппен жұмыс

Белгісіз сан таңбасын (□) пайдалану арқылы теңдік, теңсіздік құрастыру, түсіндіре отырып, ережесін айту

>=

Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалап, түсіндіреді.

Кері байланыс жасау

Оқушылар аяқталмаған смайлик арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу