«4 саны және цифры». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Математика

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1A бөлім: Сандар және цифрлар

Тақырып: «4 саны және цифры»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні :

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«4 саны және цифры»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2 Математикалық тіл, модель

 Сабақ мақсаттары

1.5.2.1 цифрдысаннан ажырату,бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдерменкөрнекібейнелеу:нүктелердің,таяқшалардың жиынтығымен,сандық сәуледе және т.б.

1.5.2.3 сандарды қосу мен азайтуды, сандарды салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды және сандар тізбегін бейнелеу

 Тілдік мақсаттар

 

Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта .Тура ретпен санау, кері ретпен санау

 Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады

 АКТ қолдану дағдылары

Сандарды тінтеуір арқылы жазыпк өреді

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Шаттық шеңбері»

Жарық болсын күніміз

Жарқын болсын үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ гүліміз

(Балаларға қайталатып айтқызу)

Миға шабуыл

1. Дүкеннен Асанға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досыма бердім. Нешеуі қалды?

Төртбұрышты доп болмайды

2. Құстың тұмсығы нешеу?

1 - еу

3. Қоянның неше құлағы бар?

2 - еу

Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

3 бұрышы бар

5. Дөңгелектің неше бұрышы бар?

Бұрышы жоқ

Сабақтыңортасы

(Ұ) Төрт дөңгелек арбада, Төрт аяқ бар малда да... Тауыса алмай бидайды, Төрт тышқан жүр қамбада.

4 саны туралы: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді.

Суреттер бойынша 4 санының құрамы мен қатарын табу. (4 – слайд)

4 санының құрамын есептету.

2. Жұмбақтар:

Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар.

Қорапқа кірді біреуі,

Соңынан кетті екеуі.

Тығылды сонда нешеуі? (1+2=3) (6 – слайд)

Қазда бар екі аяқ,

Құста бар екі аяқ.

Екеуін қосып санаса,

Болады сонда қанша аяқ? (4 аяқ) (7 – слайд)

Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр екі ешкі.

Екі ешкі мен екі ешкі,

Болады бәрі неше ешкі? (2 +2 = 4 ешкі) ( 8 –слайд)

Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойлансақ,

Тура тауып атасақ,

Тұрғаны бар, отырған,

Барлығы қанша балапан? ( 10 –слайд)

«Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу

4 цифрын жазғызу.

Қолға қалам алайық.

Дәптерімізді ашайық.

Дәптерімізді ашқан соң,

Әдемі етіп жазайық. (11 – слайд)

Сабақтың соңы

.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Нені білдім? Нені үйрендім?

- Нені толық түсінбедім ?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың натурал сан қатарында 3санының орнын табуды, 3 санынның құрамын атай алуын, жазылуын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу