М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Б.Тукай | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Қазақстандағы ұлттар достастығы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы | ||||||||||||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Берілген сұрақты түсінеді және жауап бере алады; Көптеген оқушылар: шағын диалогке қатысып, лайықты жауап бере алады; Кейбір оқушылар:болымды, болымсыз етістіктерді айтылымда ұтымды қолданады | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Дескриптор |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: мейірім, достық, бақыт, ата-ана, түсінісу, баспана, еңбек, ас, байлық, жан жылуы, қадірлеу, сыйлау, құрметтеу, тоздыру, ұқсату, көру, ерекшелеу, атап өту. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | «Бір атаның балалары» повесінің негізінде ынтымақтастыққа, достыққа баулу | ||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Үйге «Бір атаның балалары» атты әңгімеден үзіндіні оқып келу берілді. | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 10 мин | Сәлемдесу. Әңгіме мазмұнында кездесетін кілтті сөздер мен ұғымдардан тұратын қағаздан пазл құрастыра отырып, топқа бөлінеді әрі сабақ тақырыбына шығады.
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады «Кейіпкерге сұрақ» стратегиясы бойынша сынып алдына оқушы шығып, мұғалімнің әрі оқушылардың осы әңгіме бойынша сұрақтарына жауап береді. Ықтимал сұрақтар
| Слайд №2-3 Қима қағаз | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 15 мин 5 мин | Тілдік бағдар бойынша мұғалім презентация ұсынады.
Жұптық жұмыс Венн диаграммасын болымды/болымсыз етістіктерді қолдана отырып толтырады. Төмендегі тілдік мақсаттарды қолдана отырып, оқушылар сөйлем құрастырады. Ортақ белгісіне – екі елге де ортақ қарым-қатынастарды көрсетіңіз Тілдік мақсаттар: қадірлеу, сыйлау, құрметтеу, тоздыру, ұқсату, көру, ерекшелеу, атап өту. Бағалау: Мұғалімнің бақылауы Жинақтау сұрағы
| Слайд №5 | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия 3 – жаңа алған ақпарат 2-сабақта кездескен қиыншылық 1-сабақтың ұнаған тұсы Үйге тапсырма: | ||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Топта бірлесіп оқыту. Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды. Оқушылардың көбісі мәтінге компрессия жасай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады. Кейбіреулері мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады. | Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады. | Пәнаралық байланыс – тарих, география. Отбасы құндылықтары. Отан – отбасынан басталады. Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады. | |||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: таңдалған ресурс көздері 2:топтық жұмыс Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: жұптық жұмыс формасын қолдану 2: Венн диаграммасын жұпта орындау Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Болымды және болымсыз етістікті қатыстырып сөйлеуде/жазуда оқушыға көбірек қолдау көрсету |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру