Алтын күз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлімі. Табиғат құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 45 минут | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Алтын күз | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген. 4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу. 4.4 Каллиграфия-лық дағдыларды дамыту. 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады; каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады. Көпшілігі: күз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды. Кейбірі: күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Оқыған материалдың мазмұнын түсінеді. 2. Мәтін мазмұнына жоспар құрады. 3. Жоспар негізінде мәтін жазады. 4. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, көркем жазады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: Сұрақ құрастыруда: Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше .... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру | Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты. Әсемдікке баулу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын пайдалану | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Жыл мезгілдері | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
Стартер «Қатені тап» стратегиясы Күз сарғая бастады, ағаштардың жапырақтары ұшып кетті, құстар жылы жаққа келді.
Сабақтың мақсаты:
|
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
25 минут | Жазылымға дайындық Топтық жұмыс
1-топ Тапсырма. Мәтінді бірлесіп оқыңыздар. Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, жеке параққа жазыңыздар. 2-топ Тапсырма. Мәтінді бірлесіп оқыңыздар. Мәтінге ат қойып, негізгі ойын, идеясын анықтаңыздар, жеке параққа жазыңыздар. 3-топ Тапсырма. Мәтінді бірлесіп оқыңыздар. Мәтіннің бөліктерін белгілеп, негіз болатын сойлемдерін анықтағыздар, жеке параққа жазыңыздар. 4-топ Тапсырма. Мәтінді бірлесіп оқыңыздар. Жоспар құрып, жеке параққа жазыңыздар.
Алтын күз келді. Ол қызыл, сары, көк бояуларға толы шелектерін көтеріп орманға барды. Күз қызыл бояумен шетен, жабайы алмұрт, долана жапырақтарын бояй бастады. Сары бояумен қайың мен көктерек жапырақтарын, ал көкпен аспанды бояды. Күз күні бойы еңбектенсе де, ормандағы барлық ағаштар мен өсімдіктерді бояп тауыса алмайды. Бір күнде бүкіл орманды бояп шығу мүмкін бе? Күз бояу толы шелектері мен қылқаламдарын үлкен емен ағашының түбіне қалдырып, өзі түнде демалуға сарайына ұшып кетті. Ал түнде орманда аласұрған Жел пайда болды. Ол құйындатып орман ішін шарлар жүріп бояу толы шелектерді төңкеріп кетті. Төгілген бояулар түрлі түсті жылғалар болып аға жөнелді. Өзінің бүлдірген імін көріп, қорыққан Жел алды-артына қарамай қашып кетті. Таңертең орманға оралған Күз төгілген бояуларын көрді. «Енді не істеймін! Сары, қызыл, көк бояуларым араласып кетті ғой», - деп жылағанда көз жасы жауын болып төгілді. Міне, ғажап, суға еріген сары бояу қызылмен қосылып алтын түске енді де, бір жері қызғылт реңкті, бір жері сарғыш реңкті бұлақ болып аға жөнелді. Ал оған көк бұлақ қосылып қоңыр түске айналды. Қызыл бұлақ көкпен қосылып күлгін реңкке, көк бұлақтар сары түспен қосылып сарғая бастаған күзгі жапырақтың түсіне енді. Күз қуанғанынан алақайлап, көңілді күлкісі сыңғырлап, қылқаламын қолға ала салып, орманды әрі қарай әшекейлеуге кірісті. Сергіту сәті. Жазылым Жеке жұмыс Бағалау критерийлері: 1. Оқыған материалдың мазмұнын түсінеді. 2. Мәтін мазмұнына жоспар құрады. 3. Жоспар негізінде мәтін жазады. 4. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, көркем жазады. Кері байланыс. Оқушылардың 1-2 жұмысы тыңдалады. /жазба жұмыстарын мұғалім жинап, өзі тексеріп бағалайды/ | https://www.sabaqtar.kz/suret/14027-kzg-boyaular-turaly-erteg.html | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Екі жұлдыз Бір тілек Үйге тапсырма: халықтың ауа райын болжауы туралы мәлімет жинақтау. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру