Алтын күз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
4-сынып
5-бөлім. Табиғат құбылыстары
8-сабақ. Алтын күз
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысы дамытылып, оқылым материалы бойынша жоспар құру, негізгі ойды анықтау, мәтінді бөліктерге бөлуге үйрету көзделеді. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу дағдылары дамытылады. Оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.
Грамматикалық минимум жалғау түрлерін дұрыс қолдану, сөйлем құрылымын сақтау қарастырылады.
Барлығы: оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады; каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.
Көпшілігі: күз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.
Кейбірі: күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Сабақ барысында топтық жұмысын ұйымдастырылып, мәтін бірлесіп оқу әдісімен оқытылады. Топтарды оқушылардың қабілеттеріне қарай құрған жөн, себебі орындалатын тапсырмалардың құрделілік деңгейі әртүрлі. Топтық жұмыс өнімдерін ұсыну барысында талқылау, өзгертілер мен толықтырулар енгізу қарастырылады. Топтардың жұмыстары тақтаға ілініп, көмекші құрал ретінде қолданылады. Мұғалім бақылаушы рөлімен қатар жетекші рөлін атқарады.
ПОПС формуласын қолдану өз септігін тигізеді. Ойды жүйелеу, қорытындылау дағдылары қалыптасады.
Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың жұмыстарын қадағалайды.
Үйге халықтың ауа райын болжауы туралы мәлімет жинақтау тапсырылады.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру