Жазғы ойындар №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)

8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

11-сабақ «Жазғы ойындар»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым және тілдік бағдар дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сұрақ-жауап арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушылар сұраққа жауап береді. Ойын түрлерін атап, өмірмен байланыс орнатады. Мұғалім «Соқыр теке ойынын практикалық түрде ойнатады;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздерді суреттер арқылы ой шақыртылып дамытылады. Сөздерді балама сөздер келтіріп түсіндіріңіз.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрлерін қайталатыңыз, оқушылар ауызша немесе жазбаша талдайды.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Аудионы екі рет тыңдатыңыз. Бірінші рет тыңдаған кезде түсінбеген сөздерді түртіп алады. Екінші рет тыңдағанда, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып мазмұндайды. Оқушының мазмұнын өз сөзімен айта алуына назар салыңыз;
  • Тыңдалымнан кейін оқушылар тыңдалған мәтін бойынша сөздерді тіркестіріп жазады. Оқушының сөздерді мағынасын түсінуіне назар аударыңыз;
  • Келесі тапсырмада оқушылар жұптасып, мәтінменмен танысады. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қояды. Сұрақ қоя білуне және сөйлеу барысында сұрау интонациясына назар аударыңыз;
  • Соңғы тапсырманы оқушы жеке орындайды. Оқушы тиісті қосымшаларды жалғап, көшіріп жазады. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Мұғалім оқушының жұмысын бағалайды.
  • Шартты белгілер:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

  • Кері байланыс

Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

  • Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Бағдаршам» тәсілі оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу