Туған күніңмен! №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

2-сабақ «Туған күніңмен!»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және тілдік бағдар дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ортаға «Жағдаятпен» шақырыңыз;
  • Сұрағы: Бүгін сенің туған күнің. Бірақ сені ешкім құттықтамады. Сыныптастарың да, ата-анаң да туған күніңді ұмытқан сияқты. Сен не істейсің?
  • Бұл тапсырманы оқушыларды үш топқа сурет арқылы бөліп орындатуға болады.
  • Суретте құттықтау сөздері беріледі, оқушылар жағдаяттың шешімін тапқан соң, суреттегі жазу арқылы сабақтың атауын болжайды.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Сабақ барысында жаңа сөздерді мағынасы жақын сөздермен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

  • https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ «Еркемай» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 3 мин.
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.
  • Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
  • Оқушылар ән арқылы ерке баланың жасаған бұзықттықтары қандай қиындық туғызатындығын және оның қандай күйге алып келетіні жайлы білетін болады.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

1-тапсырма:

  • Бұл тапсырмны әр оқушы бөлек орындайды;
  • Оқылым тапсырмасын мұқият оқытып, «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтінді саралауға үйретіңіз. Мысалы: жаңа сөздерді бір сызықпен, түсінбеген сөздерді екі сызықпен;
  • Мәтінді бірнеше оқушыға дауыстатып оқытыңыз;
  • Сөздерді түсінбеген оқушыларға сынып көмек берсін;
  • Қосымша берілген тапсырманы ауызша оқытып, талдатыңыз.

2-тапсырма:

(ЖЖ) Оқушылар өзара жұптастырып, туған күнге арнап өлең құрастырады. Sinkuein немесе бес жолды өлең өлеңді құрастырудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Мысалы,

Думан.

Көңілді, қызықты.

Сыйлаймыз, ән айтамыз, би билейміз.

Анама туған күніне думан жасадық.

Мереке.

  • Әр оқушы берілген тапсырма бойынша 5 жолды өлең құрастырады.
  • Әр жұп өлеңдерімен алмасады. Оқушылар бір-бірлерінің өлеңдерімен танысып, бағалайды.

Бағалау сөздерін алдын ала алдарына тастап, не қабырғаға іліп қоюға болады (керемет, жақсы сөздер, сезім бар, жылы сөздер, жарайсың, маған ұнады т.б.)

(МК) Мұғалім өлеңдерден алған әсерімен бөліседі және өлеңдерді поэзия ағашына іледі.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Смайлик» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.