Наурыз тойы №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

9-сабақ «Наурыз тойы»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Наурыз тойы» әнін тыңдатып, сұрақтар арқылы ой шақырыңыз;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Тыңдалым тапсырмасы:

  • Мұғалім тыңдалым мәтінін тыңдатпас бұрын, тапсырмамен таныстырады;
  • Тыңдалым мәтінін екі рет асықпай және түсінікті оқиды;
  • Оқушылар мәтінді бірінші рет тыңдайды, түсінбеген сөздерді түртіп алады, талқылайды;
  • Оқушылар екінші рет тыңдайды, сұраққа жауап береді;
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырманы оқушылар тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді, оларға сурет және тірек сөздер қолдау ретінде беріледі;
  • Қолдауды қажет етпейтін оқушылар мәтінді өз сөзімен әңгімелейді.

Бағалауы:

  • Оқушылар «Бас бармақ» көрсету арқылы бағалайды

Айтылым тапсырмасы:

  • Бұл тапсырманы оқушы жеке орындайды;
  • Алдымен оқушы тапсырманы толық түсінгеніне толық көз жеткізіңіз;
  • Орфография – дұрыс жазу, орфоэпия – дұрыс айту (жазуы бір бөлек, айтылуы басқаша) деп түсіндіруге болады;
  • Оқушыға тапсырманы бөлек қағазға дайындап, таратыңыз;
  • Қолдауды қажет ететін оқушыға үлгіге қарап орындауын ұсыныңыз

Бағалауы:

  • Оқушылар «Қол шапалақтау» арқылы бағалайды

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Паровоз» тәсілі арқылы оқушылар сабақ барысында нені білгені, нені түсінгені, нені ұнатқаны жайлы жағымды эмоциялармен, қызықты фактілермен бөліседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу