Күзгі еңбек. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Уақыт

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 3

6-сабақ

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Күзгі еңбек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Тыңдаған аудио, бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша даму желісін иллюстрация бойынша орналастыра алады.

Көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұнын даму желісі бойынша иллюстрацияға орналастырып, дәлелдер келтіре алады.

Кейбірі: тыңдаған материалдың мазмұнын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сюжетің дамуын иллюстрацияға орналастырады.

Лексикалық минимум

Дейін, кейін

Грамматикалық минимум

Барады, ойнаймын, түседі (-а,-е,-й)

Құндылықтарды дарыту

Бірігіп жасаған еңбектің арқасында жұмыстың жеңіл болатынын түсіне отырып ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыпстасады.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Жазда

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру үшін

«Эмоция» жаттығуыжасалады.Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызады. Оқушылар шеңберге жиналып, өз көңіл күйлерін мимикамен көрсетеді.

Топқа  бөлу

«Күзгі өнімдерді жинау»

Оқушылар көкөніс пен жемістерді себетке жинау арқылы екі топқа  бөлінеді («Көкөністер», «Жемістер)

«Қарлы кесек» ойыны

Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез-келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша(Жаз туралы) сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.

Қызығушылықты ояту

Жылдың мезгілінде болатын құбылыстардың дыбыстарын тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Мысалы: жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, құстардың ұшып келуі, жапырақтың түсуі және т.б

Сабақтың мақсатын таныстыру.

  • Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін иллюстрациялар бойынша орналастыру.

Жеміс пен көкөністердің муляж

Қағаз

Үнтаспа

Оқу мақсаты

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК,Ұ) Жаң сөздерді меңгерту.

Сюжетті суреттің желісіне қарай оқиғаға дейін не болуы мүмкін, кейін не болғанын болжап, айтып береді.

Дұрыс жауабын тақтада берілген иллюстрация бөліктерімен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерий

  • Сюжет мазмұны бойынша дейін және кейін болған оқиғаны болжап айтып береді;
  • жүйелілікті сақтайды;
  • сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Тыңдалым мәтіні

Мәтіннің мазмұны бойынша мәтін бөліктерін анықтап «Сөйлейтін кітапша» жасайды.

Жұмыс топта жасалады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Күз келді. Күн суытты. Жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар жылы киіне бастады.. Адамдар көкөністерді, астықты жинап, қысқа дайындық жасайды.

Бағалау критерийі:

- Тыңдаған материалдың даму желсін анықтап, бөліктерге бөліп дәлелдей алады.

Дескриптор:

- тыңдаған материалдың мазмұнын түсініп, даму желісін саралай алады;

- сюжеттің даму желісін суреттер арқылы жеткізе алады;

- оқиғаның желісін сақтайды, дұрыс орналастыра алады.

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындау қиын болды?
  • Не қиын болды?

(Т) «Дұрыс-бұрыс». Оқушыларға мәтін оқып беріледі. Олар дұрыс, дұрыс еместігін тауып, қатесін түзетіп айтады.

Шие күзге дейін піседі. Орамжапырақты қысқа дейін сақтауға болады. Шөпті көктемге дейін жинайды. Шиені піскеннен кейін жейді. Жемісті қол жуғаннан кейін жейді.

Үлгі

  • Жемісті қол жуғаннан кейін жейді (дұрыс).
  • Шөпті көктемге дейін жинайды (бұрыс).

Топтар бір -бірінің жауаптарын смайликтер бойынша

бағалайды.

Сюжетті суреттер

Қима қағаз

Үнтаспа

Қима қағаз

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасын беру: «Адамдардың  күзгі  еңбегі»  тақырыбына әңгіме  құрастыру

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға алма, шие, пияздың суреттері салынған стикерлерді таратады.

Алма – бәрін түсіндім

Шие – әлі де білгім келеді

Пияз – маған көмек қажет.

Оқушылар бір стикерді таңдап, тақтаға жапсырады.

суреттер

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу