Күзгі еңбек. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.


III-бөлім: Уақыт

Қазақ тілі

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күзгі еңбек

Топқа бөлу

Көкөністер

Жемістер

* Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін иллюстрациялар бойынша орналастыру.

Сабақтың мақсаты

Сюжетті суреттің желісіне қарай оқиғаға дейін не болуы мүмкін, кейін не болғанын болжап, айтып береді.

Дұрыс жауабын тақтада берілген иллюстрация бөліктерімен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

Сөздік қоржын

Мәтіннің мазмұны бойынша мәтін бөліктерін анықтап «Сөйлейтін кітапша» жасайды.

Жұмыс топта жасалады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Күз келді. Күн суытты. Жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар жылы киіне бастады.. Адамдар көкөністерді, астықты жинап, қысқа дайындық жасайды.

Бағалау критерийі:

- Тыңдаған материалдың даму желсін анықтап, бөліктерге бөліп дәлелдей алады.

Дескриптор:

- тыңдаған материалдың мазмұнын түсініп, даму желісін саралай алады;

- сюжеттің даму желісін суреттер арқылы жеткізе алады;

- оқиғаның желісін сақтайды, дұрыс орналастыра алады.

Тыңдалым!!!

Оқушыларға мәтін оқып беріледі. Олар дұрыс, дұрыс еместігін тауып, қатесін түзетіп айтады.

Шие күзге дейін піседі. Орамжапырақты қысқа дейін сақтауға болады. Шөпті көктемге дейін жинайды. Шиені піскеннен кейін жейді. Жемісті қол жуғаннан кейін жейді.

Үлгі

Жемісті қол жуғаннан кейін жейді (дұрыс).

Шөпті көктемге дейін жинайды (бұрыс).

Топтар бір -бірінің жауаптарын смайликтер бойынша

бағалайды.

Дұрыс-бұрыс ойыны

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға алма, шие, пияздың суреттері салынған стикерлерді таратады.

Алма – бәрін түсіндім

Шие – әлі де білгім келеді

Пияз – маған көмек қажет.

Оқушылар бір стикерді таңдап, тақтаға жапсырады.

Үй тапсырмасы:

«Адамдардың  күзгі еңбегі»  тақырыбына әңгіме  құрастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу