Қайырымды балалар № 8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Қайырымды балалар № 8

Сабақтың мақсаты:

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану.

Ертеңгілік шеңбер. «Жылы жүрек».

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Өлеңді айтады. Тақтадан көрсетіңіз немесе алдын-ала жаттауға беріңіз.

Шеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Күннен жылу алайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылы шуақты,Бір-бірімізге сыйлайық.

Бұл тәсіл сабақтың ең басында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Суреттерді көрсету арқылы сабақтың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту-сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Тыңдалым.

Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Алайда аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Содан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай бейнеролик көрсету және сұрақ қою арқылы ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Мәтінді 2 рет аудиожазбадан тыңдатыңыз. Содан кейін сұрақтарға әркім өзбетінше жауап береді, жазады. Бір сөзбен жауап берсе болады, ең бастысы, тыңдалым мәтінін түсінгендіктерін тексеру әрі уақытты үнемдейсіз. Сұрақтарды тақтадан көрсетіп қойыңыз немесе қағазға шығарып беріңіз (әр партаға біреуден). Тапсырманы орындап болғаннан кейін, 2-3 оқушының жауаптары тыңдаңыз. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз) Кері байланыс беріңіз: Не қиын болды? немесе Қандай кедергілер болды? Осыдан кейін тыңдалым мәтіні бойынша кестедегі сөйлемдерді оқиды. Іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жазады. Дескриптор бойынша әркім өзін бағалайды. Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, суреттер бойынша берілген кестеге тиісті сөздерді жазады. Жазған сөздерді пайдаланып, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып айтады. Бұл жұмысты жұптасып орындайды. Әр жұпқа суреттер мен кесте дайындап қойыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Соңында 2-3 жұп жұмыстарын қорғайды. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз). Бағалау критерийлеріне сәйкестігі тексеріледі. Кері байланыс смайликтер арқылы жүргізіледі.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде «Аяқталмаған сөйлем» әдісін ұсынуыңызға болады. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындайды. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады (аяқталмаған сөйлемдерді алдын-ала тақтаға дайындап қойыңыз, ҚМЖ-да үлгілері келтірілген). Оқушылардың бұл жұмысты тиянақты орындауын қадағалаңыз, себебі кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуыңызға түрткі болады.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.