Қайырымды балалар № 8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Тыңдалым мәтіні:

Жәнібек пен Азамат мектептен шығады. Далада күн суық, қар жауып тұрады. Олар аулада тонып жүрген құстарды көреді. Аяз құстар үшін үлкен қауіп. Екеуі құстарға көмектескісі келеді. Үйге келіп, құстың ұясын жасайды. Ертеңінде Жәнібек пен Азамат ұяны ағашқа іледі. Ұяға жем апарады. Жәнібек пен Азамат қайырымды балалар.

Шаттық шеңбері:Шеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Күннен жылу алайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылы шуақты,Бір-бірімізге сыйлайық.

Сұрақтарға жауап жаз.

Жәнібек пен Азамат аулада нелерді көреді?

________________________________________________

Олар құстарға не жасайды? Неліктен?

________________________________________________

Мәтін неге үйретеді? _____________________________

________________________________________________

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • іс-әрекеті арқылы кейіпкерді анықтайды.

Кестедегі сөйлемдерді оқиды. Іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жазады.

Олар аулада тонып жүрді.

Үйге келіп құстың ұясын жасады.

Дескриптор:

  • заттың атын білдіретін сөздерді жазады;
  • заттың сынын білдіретін сөздерді жазады;
  • заттың қимылын білдіретін сөздерді жазады;
  • сурет бойынша мәтін құрастырады;

- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

Қолдануға болатын суреттер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.