Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, дидактикалық материал.
Мәтінді рөлге бөліп оқы.
«Саяхатшы бақа» ертегісі
Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта өмір сүрді. Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.
– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз. Бұны бақа естiдi.
– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.
– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.
– Оңтүстiк жылы ма?
– Иә, жылы.
– Онда маса көп пе?
– Иә, көп, – дедi үйрек.
– Онда менi ала кетiңдер.
– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?
– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа. Бақа бiраз ойланды, сосын:
– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.
– Жарайды, – дедi үйрек. Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа. Бұны балалар көрдi.
– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр. Бақа мақтанды.
– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа құлады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру