Қазақстан туралы өлең шығару №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан туралы өлең шығару №2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1 Әртүрлі стильде жазу 1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. 4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу 1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым тілмен жазады. Көбі: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөз тіркестер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Кейбірі: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады. | ||
Жетістік критерийлері | Жазылым. Таныс әріптерді пайдаланып, сөздер немесе қарапайым сөйлемдер құрастырып жаза алады. Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: ақбоз ат шабады; асқар таулар көрінеді; көк шөп жайқалады; самал жел соғады; шабандоздар жарысады. | ||
Құндылықтарды дарыту | Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу, Дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Қазақстан туралы өлең шығару №1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері (Ұ) Хормен өлеңді оқу. Таныс сөздердің мағынасын түсіндіру. Отан Отан – жерім, Отан – суым, Отан қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан – туым, Отан мәңгі гүлденеді. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
| |
Сабақтың ортасы | (МК) Қазақстанның кең байтақ даласы, мысалы, таудың баурайында жайылып жүрген аттар бейнеленген суреттің көмегімен өлең жазып көрсету. Оқушылардан суреттегі бес заттың атауын сұрау, мысалы, аттар, таулар, шөп, жел, шабандоздар т.б. Осы зат есімдерді флипчартқа жазу. Оқушыларға зат есімдерді сипаттайтын сын есімдерге мысал келтіруді тапсыру. Мысалы:
Сосын оқушыларға осы сөз тіркестерінің қасына етістіктерді жазғызу, мысалы:
Соңында құрастырылған өлеңді ұжым болып оқу. (Ж) Оқушылар берілген үлгі бойынша өлең құрастырады және жанындағы құрбысына айтып береді. Оқушыларды бағалау:
Қазақстан туралы өлеңдерді плакатқа жазып, көрнекі жерге іліп қою. Туған өлкем Елінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? Отан Көп аузынан түспейтін Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым, білгің келе ме? Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң Отан – аудан ауылың. Отан – тарих, Отан – тіл, Жазған елің, ер халқың, Отан – өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. СЕРГІТУ СӘТІ. Айгөлек Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек! Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп! Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек! Күндей нұрлы шағымда Күнге жетем өрмелеп! Отан- сенің, ата-анаң, Отан- сенің, ата-анаң, Отан- досың, бауырың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Жетістік критерийі: Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен тақпақ шығарады және оны мәнерлеп оқиды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: суретті сипаттау үшін жекелеген сөз тіркестерін ғана қолданады. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Мен бүгін ... үйрендім. Маған ... қиын болды.
| ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау көрсету, мадақтау. Қабілеті жоғары оқушылар өздігінен тақпақ шығарады және оны мәнерлеп оқиды. | Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:
| Сауат ашу, Дүниетану сабағы Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру