Қазақстан туралы өлең шығару №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан туралы өлең шығару №3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу

1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады

4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Қарапайым тілмен жазады.

Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады.

Жетістік критерийлері

Жазылым.

Есту арқылы сөздерді, қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза алады.

Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сұлу жер, бай табиғат, ашық аспан, таза су, биік шыршалар, жүйрік жылқы

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, Дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=4vaL8iYCkZk

Неткен Сұлу Қазақ жері • Qazaq jeri _Kazakh Eli, jeri

Бастапқы білім

Қазақстан туралы өлең шығару №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Өлеңді жатқа мәнерлеп айту.

Отан- сенің, ата-анаң

Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

«Неткен Сұлу Қазақ жері» атты бейнежазбаны көру.

Қандай көріністер ұнады? Неге? деген сұраққа жауап береді.

(Т,Қ) Қабылдау деңгейі орташа оқушылармен жеке жұмыс істеу, олардың төмендегі дағдыларын бағалау:

  • сурет бойынша зат есімдерді атау;
  • зат есімге сын есімді тіркестіре алу;
  • етістіктерді тіркестіре алу;
  • сурет бойынша тақпақ құрастыру.

Оқушыларды топтарға бөлу. Суреттер бойынша өлең құрастырады.

(Б,Қ) Оқушылар жазған өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.

СЕРГІТУ СӘТІ. Айгөлек

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп!

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Күндей нұрлы шағымда

Күнге жетем өрмелеп!

Жетістік критерийі:

  • Есту арқылы сөздерді, қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза алады.
  • Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен тақпақ шығарады және оны мәнерлеп оқиды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: суретті сипаттау үшін жекелеген сөз тіркестерін ғана қолданады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен бүгін ... үйрендім.

Маған ... қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету, мадақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар өздігінен тақпақ шығарады және оны мәнерлеп оқиды.

Оқушылар жазған өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.

Сауат ашу, Дүниетану сабағы

Өз Отанының табиғатын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу