Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1 Әртүрлі стильде жазу 1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. 4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу 1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Мұғалімнің көмегі арқылы қарапайым сипаттау сөздерін жазады. Көбі: Кезкелген әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым сипаттау сөздерін жазады. Кейбірі: Барлық әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Өз бетінше қарапайым сипаттау сөздерін жазады. | ||
Жетістік критерийлері | Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздерді өздігінен дұрыс жаза алады. Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Жаңа, үлкен, кішкентай, қауіпті, қауіпсіз, жаяу адамдар, жолақжол, бағдаршам | ||
Құндылықтарды дарыту | Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері «Ұшты – ұшты» ойынын ойнату арқылы көліктердің атауларын қайталау. Мысалы, Ұшты-ұшты, ұшақ ұшты. Ұшты-ұшты, автобус ұшты. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. «Мен қарапайым сипаттау сөздерін жазамын» |
| |
Сабақтың ортасы | (Ұ) Бірлесіп жазу жаттығулары. Оқушылар көбірек идея тастап, пікір білдіреді, мұғалім жазып отырады. Мысалы:
СЕРГІТУ СӘТІ. Өте биік аспанда/қолын жоғары-төмен сермейді/ Ұшақпен мен ұшамын /ирелектеп көрсетеді/ Жұмсақ, жеңіл бұлттарды/қолдарымен көрсетеді| Қолдарыммен ұстаймын ./ирелектеп көрсетеді/ Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. 7 бет Әңгіме жаз. Суреттің бірін таңда. Суретке қатысты бір сөйлем құрастырып жаз. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. 8 бет Суретке қарап, сөйлемді аяқта. Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен тақырыпқа сай сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: өз кітаптарына сөйлемдерді үлгіден алып жазады. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия - толық түсіндім; – сұрақтарым бар.
- түсінбедім; | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.