Менің отбасым №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім:

Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Зейін қойып тыңдау.

Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.

1.1.2.1 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

1.1.4.1 Әдеби тіл нормасын түсіну.

Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбірі: Сөздермен қарапайым сөйлемдер құрастырады. Сұрақтарға жауап бере алады.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.

Қазақ тіліне тән дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Отбасы, ата, апа(әже), әке, ана(шеше), әпке, аға;

менің отбасым, мынау әкем, мынау аға, менің үйім.

Менің ағам бар. Оның аты…. Менің әжем бар. Оның есімі….

Әә – Аа- дауысты дыбыс

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Менің отбасым» аудиожазба

Бастапқы білім

1-тоқсанда өткен тақырыптарға шолу жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Фонетикалық жаттығу.

Әә – Аа- дауысты дыбыс

Әтеш, ән, әріп, әліппе т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді.

Ана, апа, аға т.б. қалған сөздерді оқушылар өздері мысылдар келтіреді.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

3 минут

3 минут

10 минут

2 минут

1 минут

6 минут

8 минут

(МК) Оқушыларға отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету және оларды атау. Мысалы: ата, апа(әже), әке, ана(шеше), әпке, аға – отбасы.

(Ұ) Оқушылар отбасы мүшелерін атайды.

(МК) Үлгі ретінде бір отбасының мүшелері туралы айту. Мысалы: Менің ағам бар. Оның аты… .

СЕРГІТУ СӘТІ.

Бір үйде біз нешеуміз?Бір үйде біз бесеуміз.Бас бармақ - атамБалан үйрек – әкемОртан терек – анамШылдыр шүмек – ағамКішкене бөбек – мен

(Ж) Оқушылар жұппен отбасы мүшесі туралы мұғалімнің айтқанын қайталап айтады.

(Ө) Оқушылар таңдап алған отбасы мүшесінің суретін салады және үлгіден бір жай сөйлем айтады.

Мысалы: Менің әжем бар. Оның есімі….

(ҚБ) Оқушыларға мәтіндегі кездесетін сөздердің суреттерін таратып беріп, таныс сөзді естіген кезде суретін көрсетуді өтіну.

Жетістік критерийі:

  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады.

Дифференцация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: оқушылар өз отбасы мүшелері туралы сөз орамдарын айтады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Пайыздық көрсеткіш» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не қиын болды, не жеңіл болғандары туралы айтып өтеді.

Қабырғада тұрған пайыздық көрсеткіштерге тұрып, өз деңгейлерін көрсетеді.

25 %, 50%, 75 %, 100%.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу