Менің ойыншығым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:, Г.Т.Жакупова, А.Н.Баримбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің ойыншығым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау.

1.2.3.1 сұхбаттасының сұрағына жауап беру және оған сұрақ қою барысында тілдік нормаларды сақтап, этикет сөздерді қолдану.

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну.

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу/постер құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сұраққа жауап береді, суретте берілген сөздердің сынын жазады.

Көптеген оқушылар: тілдік нормаларды сақтап, сұраққа жауап береді, сұрақ қояды, суретте берілген сөздердің сынын жазады, сөйлем құрастырады.

Кейбір оқушылар: тілдік нормаларды сақтап, сұраққа жауап береді, сұрақ қояды, суретте берілген сөздердің сынын жазады, сөйлем құрастырады, баға береді.

Бағалау критерийлері

  • Сұхбаттасу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
  • Сұраққа жауап бере алады, сұрақ қоя алады.
  • Суретте берілген сөздердің сынын жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: сәби, бала, бөпе, еңбектейді, жылайды, күледі, тамақ ішеді, ұйықтайды, үлкен, кіші, жақсы, жаман, әдемі, сұлу, жұмсақ, қатты.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мынау не?

  • Ол қандай?

...

Құндылықтарды дарыту

Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға және әдептілікке үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Менің сәби кезім.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Шеңбер құрып, бір-біріне сиқырлы сөздер айтады. Мысалы: Сен әдемісің! Сен жақсысың! т.б.

Сабақтың ортасы

  • Сөздік жұмысы. Ойыншықтар түрлерін көрсетіп, оқушылардан оларды атап айтуды сұрау.
  • Сұхбат құру. Оқушылардан қандай ойыншықтары бар екенін сұрау.
  • Сенің қандай ойыншықтарың бар?
  • Менің қуыршағым (қонжығым, машинам, добым, т.б.) бар.
  • Сенің сүйікті ойыншығың не?
  • Менің сүйікті ойыншығым – құлыншақ (қуыршақ, қонжық, машина, доп, т.б.)
  • Ойыншығың қандай?
  • Менің добым үлкен үлкен (қуыршағым әдемі, қонжығым жұмсақ, машинам қызыл, т.б.)

Сергіту сәті. «Ойыншықтар» әнін айту.

2-тапсырма. Мәнерлеп оқу:

Мен аю-мен ой-на-дым.

Ол жұм-сақ ой-ын-шық.

Тү-сі қоң-ыр, кө-зі қа-ра.

Мен о-ны жақ-сы кө-ре-мін.

Мен сә-би ке-зім-де қу-ыр-шақ-пен ой-на-дым.

Ме-нің қу-ыр-ша-ғым сүй-кім-ді.

О-ның кө-зі көк, қа-сы қа-ра.

О-ның ки-і-мі бол-ды.

Ол сөй-лей-ді, ө-лең ай-та-ды.

Мен сә-би ке-зім-де ма-ши-на-мен ой-на-дым.

Мен-де көп ма-ши-на бол-ды.

Жүк ма-ши-нам үл-кен жә-не ә-де-мі.

Дөң-ге-ле-гі қа-ра, ка-би-на-сы көк.

Мы-нау – доп.

Бұл – ме-нің сүй-ік-ті ой-ын-шы-ғым.

Мен доп-пен ой-най-мын.

О-ның тү-сі қан-дай?

3-тапсырма. Кестедегі мәтінді оқы, бос орынға ойыншықтың сынын білдіретін сөздерді жаз. Мәтіннің қасына ойыншықтың суретін сал, боя.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында мұғалім рефлексия жүргізеді.

Үйге тапсырма: сүйікті ойыншықтарын әкеледі, сипаттап айтады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу