Желідегі қауіпсіздік. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық және қауіпсіздік | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар: | ||
Сабақ тақырыбы | Желідегі қауіпсіздік | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.1 – желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия) | ||
Сабақ мақсаты |
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: 1. Бүкіләлемдік желінің қауіптерін біледі; 2. Интернетті қолданудың қауіпсіздік ережелерін біледі; 3. Интернеттегі қауіптердің түрлерін түсіндіреді 4. Пайдаланушыға бағытталған алаяқтық манипуляцияны анықтайды. 5. Интернетте жұмыс істегенде қорғау шараларын қолданады 6. Сипатталған жағдайлардан қауіптерді анықтайды. | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты Интернетте жұмыс істегенде қатерлер мен қорғану шараларын сипаттайды (сөйлеу дағдылары) Пәндік лексика және терминалогия Ақпаратты қорғау, Спам, Қауіпсіздік Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
| ||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмалар орындау барысында ынтымақтастық, жұппен (топта, сыныпта), жұмыс істеу кезінде өзара құрмет. | ||
Пәнаралық байланыстар | Әлеуметтану, этика. | ||
Бастапқы білім | 5 сынып бағдарламасынан ақпаратты құпия сөзбен қорғауды біледі және 7 сынып бағдарламасынан компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғауды біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | ||
Сабақ басы
|
learningapps.org сервисінде ойын ойнау арқылы оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды. Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу. Оқушылар KWL кестесінің бірінші бағанын толтырады. | https://learningapps.org/1190033 Слайд 2,4,5. Қосымша 1 | ||
Сабақ ортасы 10-15 мин 16-25 мин 26-30 мин 31-35 мин 36-37 мин |
Видеоны талқылау.
1 топ: Интернеттің пайдасы 2 топ: Интернеттің зияны
Интернеттің пайдасы мен зияны көрсетілген презентациядағы кестені көрсету және оқушылар өз жұмыстарымен салыстыру керек.
Қауіп қайдан келуі мүмкін? Интернеттегі қауіпті қалай алдын алуға болады?
Оқушылар әртүрлі жағдайлар беріледі. Осы жағдайлар үшін шешім тауып, желідегі қауіпсіздік ережелін тұжырымдауы керек. Жауап беру кезінде оқушылар 13 слайдта көрсетілген сөз тіркестерін қолдана алады. | https://www.youtube.com/watch?v=_pNfq8uKhmA Слайд 7 Флипчарт/А3, қарандаш, фломастерлер. Слайд 8 https://www.youtube.com/watch?v=TSQN-dMehFA Қосымша 2. Слайд 12-13. | ||
Сабақ соңы 38-40 мин |
| Слайд 15, KWL кестесі. | ||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Барлық оқушы желі арқылы болатын қауіптер және олардан қорғану жолдарын біледі Кейбір оқушылар мысал келтіру арқылы желіде қауіпсіздікте болудың басқа да түрлерін ұсына алады | Сабақтың әрбір сатысында өзара бағалау жұмыстары жүргізіліп отырады. | Оқушылар компьютерлік құрылғылармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстанады | ||
Қосымша 1
Желідегі қауіпсіздік туралы мен не білемін? | Желідегі қауіпсіздік туралы мен сабақта не білдім? | Желідегі қауіпсіздік туралы мен тағы не білгім келеді? |
Қосымша 2
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.