Компьютерлік желілер. Информатика, 7 сынып, қосымша материал 2.


Мұғалімге арналған материалдар файлы № 1

Жергілікті есептеу желілерінің түрлері

 

 Бірдәрежелі желілердің артықшылықтары:

 – орнату мен баптаудың жеңілдігі;

 – белгіленген серверден жеке машиналардың тәуелсіздігі;

 – пайдаланушының өзінің жеке ресурстарын бақылау мүмкіндігі;

 –алғанда және пайдаланғанда салыстырмалы арзандығы;

 – операциялық жүйеден басқа қосымша бағдарламалық жасақтаманы қажет етпеуі;

 – желіге белгіленген администратор ретінде жеке адамды бөлу қажет етпейді.

 Бірдәрежелі желілердің кемшіліктері:

 – барлық жеке ресуртардың құпиясөздерін есте сақтау керек;

 – барлық мәліметтерді қорғау үшін, әрбір компьютерге жеке резервті көшіруді қажет етеді;

 – ресурс орналасқан компьютерге жеке ресурстар қосылғанда өнімділігі төмендейді;

 – деректерді іздеу басқаруға арналған орталықтандырылған схема жоқ.

 

 Белгіленген сервері бар желілердің артықшылықтары:

 – пайдаланушылардың жазбаларын орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етілген, бұл желілік администрациялауды жеңілдетеді;

 – қуатты серверлік құралдарды пайдалану желілік ресуртарға тиімді қолжетімділікті білдіреді;

 – пайдаланушыларға желіге кіру үшін тек бір құпиясөзді есте сақтау керек, бұл құықығы бар барлық ресуртарға кіруге мүмкіндік береді.

 Белгіленген сервері бар желілердің кемшіліктері:

 – сервердің бұзылуы желінің жұмыс ітетпейді, ең оңай болғанда желілік ресурстар жойылады;

 – желілер күрделі мамандандырылған бағдарламалық жасақтамаларға мамандандырылған адамды талап етеді, бұл желінің жалпы құнын қымбаттатады;

 – мамандандырылған бағдарламалық жасақтама мен құрадарды талап ететіндіктен құны артады.

 

 Мұғалімге арналған материалдар файлы № 2

 

 Желі топологиясы

  «Топология» термині, немесе «желі топологиясы», компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуын сипаттайды. Қандай да бір топологияны таңдау: желі құралдарына қажетті заттарға; желі құралдарының сипаттамаларына; желіні ұлғайту мүмкіндіктеріне; желіні басқару әдістеріне әсер етеді.

 Барлық желілер негізгі үш базалық топологиядан тұрады:

 – шина (bus) - компьютерлер бір кабельдің бойына қосылған желі;

 – жұлдыз (star) – компьютерлер бір нүктеден немесе концентротордан шығатын кабель сегменттеріне қосылған желі;

 – сақина (ring) – компьютерлер қосылған кабель сақина болы тұйықталған желі.

 

"Шина" топологиясы

Артықшылықтары

–желіні орнатуға аз уқыт кетеді;

– арзан (аз кабель мен желілік құрылғы керек);

–баптауы қарапайым;

– жұмыс станциясының істен шығуы желінің жұмысына әсер етпейді

Кемшіліктері

– желідегі кез-келген сәтсіздік, кабельдің үзілуі, терминатордың істен шығуы желінің жұмысын толық жояды;

– істен шығуының күрделілігі;

– жаңа жұмыс станциясын қосқанда желінің өнімділігі төмендейді.

"Жұлдыз"топологиясы

Артықшылытары

– бір жұмыс станциясының істен шығуы желінің барлық жұмысына әсер етпейді ;

– желінің ауқымдылығы кең;

– бұзылғанда және желіден үзілгенде оңай табылады;

– желінің өнмділігі жоғары (дұрыс жобаланғанда);

– администрациялау ыңғайлы.

Кемшіліктері

– орталық концентратор істен шыққанда желі (не желі сегменттері) толық жұмыс істемей қалады;

– басқа топологияларға қарағанда кабель көп керек;

– желідегі (не желі сегменті) жұмыс станцияларының саны орталық концентраттағы порттар санымен шектеледі.

"Сақина" топологиясы

Артықшлықтары

– орнату қарапайым;

– қосымша құралдар жоқ;

– маркерді пайдалану коллизияны болдырмайтындықтан, желіні қарқынды қосқанда жылдамдық төмендемей жақсы жұмыс істейді.

Кемшіліктері

– бір жұмыс станциясы істен шықса не басқа да бұзылулар болса желінің брлық жұмысына кері әсер етеді;

– баптау мен конфигурациясы күрделі;

– бұзылған жерін табу қиын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.