Эргономика ұғымы. Информатика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Көп мерзімді жоспар бөлімі: «Компьютерлік жүйелер мен желілер» | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Павлодар қ. Мұғалімнің аты-жөні: Магауин К.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Қатысушылар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Эргономика ұғымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.1 эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: компьютермен жұмыс кезінде өз денсаулықтарын сақтау туралы білетін болады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаты | Оқушылар: Компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздікте болу туралы пікір алмасады Пәндік лексика мен терминология: Эргономика, қауіпсіздік, сәйкестік, этикет, жұмыс кеңістігі, қауіпсіздік техникасы. Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер: Компьютермен қауіпсіз жү\ұмысты ұйымдастыру үшін… Мен ойлаймын/жорамалдаймын/сенімдімін … Менің ойымша … Жеке менің ойым … Маған келетін болсақ … Менің көзқарасым бойынша … Сіз қалай ойлайсыз? Келісесіз бе / келіспейсіз бе? Сіздің көзқарасыңыз қандай …? Жұмыс кеңістігін келесідей ұйымдастырған дұрыс.... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, өзіне және айналасындағыларға деген сыйластық. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология (қаңқа, адам құрылымы), физика (сәуле тарату, электр қуаты) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Информатика кабинетінде өзін қалай ұстау керек, компьютермен жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтау қажет. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 мин Сабақтың ортасы 8-20 мин 21- 33 мин | Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Ортақ орта құру. Сыныппен танысу. «БИНГО» ойыны (1 қосымша) Ойынды өткізу әдісі:
Миға шабуыл Суреттердің көмегімен қатысушылар ой жүгіртіп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды. Оқушылар сабақтың мақсатына шықты: эргономика міндеттерін ойластыру және шешуНәтижелерді талқылау, ББҚБ кестесін толтыру Ойлану кезеңі «Эргономика дегеніміз не?» бейнеролигін көру 2 мин Бейнероликпен жаңа ақпарат бойынша тексеру жұмысы (жеке жұмыс)Бейнежазба бойынша тапсырма:1) Адамның денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын сақтай үшін ____________тиімді жағдайларды құрайтын______________процесін, зерттейтін ғылым түрі ______________. 2) Жұмыс орнын дайындаған кезде үстелдің биіктігі____________см. 3) Орындық__________болу керек және _____________________ 4) Монитор____________болуы қажет және ___________________арақашықтықта. 5) Компьютерді пайдаланудың ең қажетті ережесі болып _____________________табылады. 6) Әр______мин. сайын үзіліс жасалғаны дұрыс, қарқынды жұмыс кезінде ________мин. 7) Үзіліс кезінде мүмкіндігінше уақытты __________________, өйткені___________________ | 1.1 қосымшасы Презентация
Презентация 1.2 қосымшасы Презентация. 1.3 қосымшасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
33-36 мин | Өзара бағалау. Жауаптар 1) Адамның денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын сақтау үшін еңбектің тиімді жағдайларды құрайтын жұмыс процесін, зерттейтін ғылым түрі эргономика. 2) Жұмыс орнын дайындаған кезде үстелдің биіктігі 65-75 см. 3) Орындық қол қоюшысы болу керек және биіктігі реттелуі керек. 4) Монитор көздің деңгейінде болуы қажет және қол созым арақашықтықта. 5) Компьютерді пайдаланудың ең қажетті ережесі жұмыс кестесін сақтау болып табылады. 6) Әр 30 мин. сайын үзіліс жасалғаны дұрыс, қарқынды жұмыс кезінде 15 мин. 7) Үзіліс кезінде мүмкіндігінше уақытты таза ауада өткізген дұрыс, өйткені ағза қайта қалпына келу үшін. | 1.4 қосымшасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Ой толғау: Эргономика ұғымы. Компьютерлерді пайдаланған кезде біз қалай қауіпсіздікте бола аламыз? Оқушылар материалды білуіне байланысты ББҚБ кестесін қосымшаларды қоса отырып, толтырады. «Эргономика ұғымы» қорытындыларды жинақтау. | Презентация. 1.2 қосымшасы (аяқталу) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз қандай әдіспен көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушылар алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды ұғыну деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бағалау әр оқушының орындаған тапсырмалары бойынша жүргізіледі. | Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау ЕТ, эргономика кабинеттерінде ТҚ ескерту Сабақ барысында оқытудың белсенді әдісін пайдалану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация тапсырма түрін таңдауда, нақты оқушыдан күтілген нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқыту материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдауда болуы мүмкін (Гаднер бойынша көптеген интеллектер теориясы). Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану есебімен болуы мүмкін. . | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында үйренгендерін бағалау үшін пайдаланатын әдістерін жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулық сақтайтын технология.. Шынықтыру минөттері мен белсенді әрекеттер түрлері. Сабақ басында қарастырылған оқытудың белсенді әдістері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы Ережесінің бөлімдері .
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқыту мақсатына жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытша кезеңдері көтерілді ме? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспекті жақсы өтті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысы жақсартуға не мүмкіндік берер еді (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып туралы, олардың жетістіктері туралы не анықтадым/келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек, жеке оқушылардың қиыншылықтары? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.