Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер. Сызбаны безендіру ережелері (негізгі жазу). Графика және жобалау, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сызғыштар. Ұзындығы 250-ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз.

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданады. Олардың біреуінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 45º-тан, ал екіншісінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60º және 30º.

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін.

Даярша. Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтыңы даярша деп аталады. Соның ішінде шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, тушьпен бастыру үшін рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектері.

Қағаз. А4 пішіміндегі формат қолданады. Сызбаныкез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды.

Пішімі А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.

Пішімі А1: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.

Пішімі А1: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.

Пішімі А1: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.

Өшіргіш. Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарайқатты, жұмсақ, қаттылығы орташа қарындаштар деп бөлінеді.М, 2 М, 3М –жұмсақ, ТМ қаттылығы орташа,

Т қатты. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Стандарт дегеніміз өндірістің барлық салаларындағы конструкторлық құжаттарды орындау мен безендірудің бәрыңғай ережелерін тағайындайтын нормативтік құжат. Олардың кейбіреулеріне әлі күнге дейін МЕСТ 27456-90 деп жазылады, ол мемлекеттік стандарт, тіркеуге алынған өнімге берілген нөмірді және стандарт бекітілген мерзімді көрсетеді.Стандарттаудағы сапаның негізгі көрсеткіші , өнімдің сенімділігі мен шыдамдылығы.

Мектепте негізінен қабырғаларының өлшемдері 297 х 210 мм болатын А4 пішімін пайдаланады.

Шектейтін сызықтар сол жағынан 20 мм , үстінен, төменнен, оң жақтан 5 мм және төменгі оң жақтан негізгі жазу орналасады.

Жұмыс орнын ұйымдастыру және сызба құралдарымен жұмыс істеудің ұтымды әдістерімен танысады. Қарындашпен, шеңберсызармен жұмыс істеу әдістерін жаттығу арқылы үйренеді.

Бекіту. Бақылау сұрақтары

Қарындаштарға қатысты қандай талаптар қойылады?

сызба құрал-жабдықтарының жиынтығын атаңдар.

Практикалық жұмыс. 30, 45, 60, 135 бұрыштар тұрғызу, бір-біріне параллель сызықтар жүргізу, диаметрі 10, 15, 40, 60 мм шеңбер салу.

Бағалау.

Үй жұмысы. Практикалық тапсырманы бітіру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу