Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер. Сызбаны безендіру ережелері (негізгі жазу). Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Сызбаны орындаудағы негізгі ережелерСызбаны безендіру ережелері (негізгі жазу).
Сабақ тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні: Жасмағамбетова Б.А.
Сынып:
10 сынып
Ақтау қаласындағы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
Ақтау - 2017
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
10.1.3.1
Стандарт бойынша сызба орындау мен безендіру ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары
Осы сабақта қағаз форматтары мен сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру мақсатынада ұсынылады
Бағалау критерийлері
- Қағаз форматтарының өлшемдерін ажырата алады.
- Сызбаны безендірудің негізгі ережелерін біледі.
А4 — қағаз форматы, белгіленген ISO 216 стандартта, метрикалық өлшем системасында негізделген. Оның өлшемі - 210х297 мм., диагональі - 364 мм. Парақ форматының ауданы А4 = 1/16 м².
А4 парақ форматы А0 форматының жүйелі түрде екі бөлікке бөлінуінен алынады. А0 форматының ауданы = 1 м²: А0 = 2 х А1, А1 = 2 х А2, А2 = 2 х А3, А3 = 2 х А4. А4 форматын екіге бөлген жағдайда екі А5 форматы шығады, сонымен қатар, ол А4 форматының жартысын сақтап тұрып, қабырғаларының қатынасы 1: √2 (Лихтенберг қатынасы).
А4 формат құжаттырда, сызбаларда, хаттамаларда, журналдарда, бланктарда және принтер мен көшірме техникаларда қолданады.
Сызба терминологиясында А4 форматқа 11 сәйкес келеді, А3 форматына 12 форматы, А2 -ге 22, А1 -ге 24. Форматтар 2 санмен белгіленеді. Біріншісі формат бөлігінің 297 мм. өлшемге тең еселігін, ал екіншісі форматтың екінші жағының 210 мм. өлшемге тең еселігі көрсетеді.
А4 пішінді қағазға негізгі жазу мен жиектеме орындау ұсынылады.
Негізгі жазу кестесін толтыру қаріптерді өткен соң толтырылады.
Жаңа материалды жақсылап меңгеру үшін бейнематериал қарау ұсынылады.
Тапсырма:
https://www.youtube.com/watch?v=GaH_cYYhKjI
Шығармашылық жұмысты рәсімдеңіз. Көрме ұйымдастыру. Оқушылар жұмыстарына кері байланыс беріліп бағаланады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру