Көпжақтар мен айналу денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 1.
Топтық жұмыс.
Топтар өз жұмысын белгілеген уақыт аясында аяқтап, айналу денелерінің, көпжақтардың және айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын плакатқа салу арқылы бірін-біріне түсіндіреді және ортақ ой қалыптастырады.
Бағалау: топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді.
1-топ «Цилиндр».
1. Айналу денелерінің комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады.
2. Кез келген төртбұрышты призмаға сырттай цилиндр сызуға бола ма?
3.Сфераға іштей сызылған цилиндрдің жасаушысы 8 см. Осьтік қима табан жазықтығына 60 градус бұрыш жасайды. Цилиндрдің табанының ауданы мен сфераның радиусын табыңыздар.
Дискриптор :
-айналу денелерінің комбинацияларын анықтай алады;
-айналу денелерінің комбинацияларын бейнелей алады;
-айналу денелерінің комбинациясын сипаттай алады;
-айналу денелерінің комбинацияларын салыстыра алады
-есептің шартын құра алады;
-геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады;
-есептің дұрыс шешімдерін таба алады;
2 -топ «Конус».
1.Көпжақтардың комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады.
2. Кез келген үшбұрышты призмаға іштей цилиндр сызуға бола ма?
3. Радиусы 10 см сфераға осьтік қимасы табан жазықтығына 30 градус бұрыш жасайтын цилиндр іштей сызылған. Цилиндрдің биіктігі мен табан радиусын табыңыздар.
Дискриптор :
-көпжақтардың комбинацияларын анықтай алады;
- көпжақтардың комбинацияларын бейнелей алады;
- көпжақтардың комбинациясын сипаттай алады;
- көпжақтардың комбинацияларын салыстыра алады
-есептің шартын құра алады;
-геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады;
-есептің дұрыс шешімдерін таба алады;
3 топ «Шар».
1.Айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады.
2. Цилиндрге сырттай сызылған төртбұрышты призманың қарама-қарсы жақтары аудандарының қосындысын қандай болады?
3. Радиусы 4 см сфераға конус іштей сызылған. Осьтік қиманың төбесіндегі бұрышы 60 градус. Осы конустың биіктігі мен табанының радиусы неге тең?
Дискриптор :
-айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын анықтай алады;
- айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын бейнелей алады;
- айналу денелері мен көпжақтардың комбинациясын сипаттай алады;
- айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын салыстыра алады
-есептің шартын құра алады;
-геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады;
-есептің дұрыс шешімдерін таба алады;
Бағалау: топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.