Үш перпендикуляр туралы теорема. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма 1
ABCD квадратының A төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. BC KB-ға перпендикуляр екенін дәлелде.
Дескриптор: Оқушы
- AK перпендикулярын тұрғызады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- BC KB-ға перпендикуляр екенін дәлелдейді
Тапсырма 2
ABCD квадратының B төбесінен оның жазықтығына қатысты BM перпендикуляры тұрғызылған. AC MO-ға перпендикуляр екенін дәлелде (O – диагональдардың қиылысу нүктесі).
Дескриптор: Оқушы
- ВМ перпендикулярын тұрғызады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- AC MO -ға перпендикуляр екенін дәлелдейді
Тапсырма 3
ABCD тікбұрышының төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. Kнүктесінен басқа төбелерге дейінгі арақашықтық 6 см, 7 см, 9 см-ге тең. AK перпендикулярының ұзындығын тап.
Дескриптор: Оқушы
- АК перпендикулярын тұрғызады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- AK перпендикулярының ұзындығын табады.
Жұптар орындалған жұмыстарын бір-бірімен алмастырып дескриптор бойынша тексереді, бағалайды
Тақтада:
𝑀𝐵𝐸 (∠𝐵 = 90°) тікбұрышты үшбұрышы 𝛼 жазықтығында жатыр. 𝑀𝐵 = 9 см, ал 𝑀𝐸 = 15 см. Осы жазықтыққа ұзындығы 5 см болатын 𝐶𝐵 перпендикуляры жүргізілген. 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝑀𝐸 қабырғасына дейінгі қашықтықты тап.
Дескриптор: Оқушы
- СВ перпендикулярын тұрғызады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝑀𝐸 қабырғасына дейінгі қашықтықты табады.
Жеке жұмыс:
Бағалау критерийі | Оқушы
туралы теореманы қолданады;
үшбұрыштарды жазады;
жүргізілген перпендикулярдың ұзындығын есептейді. |
- 𝑆 төбесінен 𝐴𝐵𝐶𝐷 квадрат жазықтығына 𝐵𝑆 перпендикуляры және 𝑆𝐴, 𝑆𝐶 және 𝑆𝐷 көлбеулері жүргізілген. Төбесі 𝑆 болатын барлық тікбұрышты үшбұрыштарды жаз.
- 2. 𝐴𝐵𝐸 теңбүйірлі үшбұрышы 𝛼 жазықтығында орналасқан. 𝐴𝐵𝐸 үшбұрышының бүйір қабырғалары 10 см, ал табаны 𝐴𝐸 = 16 см. Осы жазықтыққа ұзындығы 8 см болатын 𝐶𝐵 перпендикуляры және 𝐶𝐴, 𝐶𝐸 көлбеулері жүргізілген. 𝐶 нүктесінен үшбұрыштың 𝐴𝐸 қабырғасына жүргізілген перпендикулярдың ұзындығын есепте.
Үйге тапсырма: п2. Үш перпендикуляр туралы теорема, 157есеп
Дескриптор: Оқушы
-қосымша сызба жүргізеді
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- кесіндінің ұзындығын табады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру