Үшбұрыштардың ұқсастығы. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1C бөлім: Үшбұрыштардың ұқсастығы

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштардың ұқсастығы. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 ұқсас үшбұрыштардың анықтамасын біледі;

9.3.3.3 үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін дәлелдейді және қолданады;

 Сабақ мақсаттары

- ұқсас үшбұрыштардың анықтамасын және олардың қасиеттерін қарастыру;

- үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін тұжырымдау және дәлелдеу;

- ұқсас үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін есептерді шешуде қолдану.

 Жетістік критерийлері

Оқушы:

* ұқсас үшбұрыштардың анықтамасын біледі;

* үшбұрыштар ұқсастық белгілерін құрастырады;

* үшбұрыштың ұқсастығы теоремаларын дәлелдейді;

* есептерді шешу кезінде үшбұрыштар ұқсастық белгілерін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыштардың ұқсастық белгілерінің дәлелдеуін түсіндіріп айтып береді;
  • үшбұрыштардың ұқсастық белгісінің таңдалуын түсіндіреді;

есепті шешу әдісінің таңдалуын дәйектейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • пропорционал кесінділер;
  • ұқсас үшбұрыштар;
  • ұқсастық коэффициенті;
  • үшбұрыштардың ұқсастық белгілері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • үшбұрыштардың ұқсастығын дәлелдеу үшін...;
  • егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың ...екі бұрышына тең болса, онда ұқсас;
  • егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына ......болса және олардың арасындағы ...... болса, онда үшбұрыштар ұқсас;
  • егер бір үшбұрыштың қабырғалары ........ болса, онда үшбұрыштар ұқсас;
  • ұқсас үшбұрыштардың k коэффициентін табу үшін....;
  • ....... аудандарының қатынасы k2 тең.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Командада жұмыс істей білу, жолдастарының пікірін құрметтей білу, өз жұмысының сапасына жауап беру, сыныптастарына қолдау көрсету. Ссы сабақта құндылықтарды дарыту жоспарланған топтық жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру туған елдің көрікті жерлерінің табиғаты туралы есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы. Фалес теоремасын, үшбұрыштардың ұқсастығын қолдана отырып, пирамидалардың биіктігін өлшеу есептері тарихпен және архитектурамен байланыс жүргізеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны демонстрациялық құрал және жазу құралы ретінде пайдалану.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігі белгілерін, түзулердің параллельдік белгілерін, үшбұрыштың ауданы формулаларын біледі.

Пропорцияны құра біледі және оның белгісіз мүшелерін таба біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет.

Пирамиданың биіктігін өлшеу есебі.

Презентация

Сабақтың ортасы

II жаңа материалды зерттеу. Ұқсас үшбұрыштарды анықтау.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Сіз "ұқсастық"деген сөзде не түсінесіз?

Ұқсас фигураларға мысалдар келтіріңіз?

Содан кейін ұқсас фигуралардың мысалдарын слайдтарда көрсетеді, анықтамалар береді, қандай фигуралар ұқсас екенін түсіндіреді, атап айтқанда ұқсас үшбұрыштарды анықтайды.

Мұғалім ұқсас үшбұрыштардың бұрыштарының теңдігіне және қабырғалардың қатынасына ерекше назар аударады.

Анықтама:

Екі үшбұрыш ұқсас үшбұрыштар деп аталады, егер бір үшбұрыштың қабырғалары басқа үшбұрыштың қабырғаларына пропорционал болса және олардың бұрыштары сәйкесінше тең болса.

Оқушылар тақтада және дәптерде жаттығу жұмыстарын орындайды. Аса маңызды сәттерге мұғалім назар аударады.

ІІ Практикалық тапсырма ұқсас үшбұрыштардың анықтамасын бекітуге арналған практикалық тапсырма, олардың пропорционал қабырғаларын және сәйкес бұрыштарын табу. Топта жұмыс істеу.

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі және әр топқа әртүрлі үшбұрыштарды таратады. Мұғалім оқушыларға ұсынылған үшбұрыштардың қайсысы ұқсас екенін анықтауды ғана емес, сонымен қатар өз таңдауын басқа топтың оқушыларына түсіндіруін және негіздеуді талап етеді.

Топтық жұмыс өз біліміне сенімді емес оқушылар қабілетті оқушылармен жұмыс істейтін болады. Бірлескен жұмыс нәтижесінде оқушылардың зияткерлік әлеуеті жақсы ашылады.

III жаттығу жұмыстары. Жұппен жұмыс істеу.

Мұғалім оқушыларға № 1 қосымшаның тапсырмаларын береді. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды және кеңес береді.

Қажет болған жағдайда оқушыларға көмектеседі, түсініктеме береді, толықтырады. Оларға қолдау көрсету үшін қиындықтарға тап болған оқушыларды анықтайды. Қосымша түсіндірулер жасайды.

Жұппен жұмыс істеу оқушыларға коммуникативтік дағдыларды дамытуға ғана емес, сонымен қатар өз күшіне сенімсіз, әлсіз оқушыларға көмек жағдай жасайды.

IV жаңа материалды зерттеу. Үшбұрыштар ұқсастығының бірінші белгісі. Мұғалім үшбұрыш ұқсастығының бірінші белгісін тұжырымдайды,, презентацияда иллюстрациялар мен сызбаларды көрсетіп, тақтада дәлелдейді және түсіндіреді. Есептерді шешу кезінде үшбұрыштар ұқсастығының бірінші белгісін пайдалану мысалдарын көрсетеді.

Презентация

Қосымша 2

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Сабақтың негізгі мәселелерін, қиын кезеңдерін талқылау.

2-сабақ

I жаңа материалды зерттеу. Үшбұрыштар ұқсастығының екінші және үшінші белгісі. Мұғалім үшбұрыштар ұқсастығының екінші және үшінші белгілерін тақтада дәлелдейді және түсіндіреді, презентацияда иллюстрациялар мен сызбаларды көрсетеді. Оқушыларға үшбұрыштар теңдігінің қасиеттерімен ұқсастығын табуды, содан кейін олардан айырмашылықтарын анықтауды ұсынады.

Есептерді шешуде мұғалім үшбұрыштың ұқсастық белгілерін қолдану мысалдарын көрсетеді.

II Топтық жұмыс. «Тарсия» ойыны. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін бекіту. Есептер шығару.

Оқушылар топта Тарсия ойынының карточкаларын жинайды. Сабақтың ойын сәттері оқушыларға кернеуді төмендетуге көмектеседі, олардың математиканы оқуға деген мотивациясын арттырады, топтағы бірлескен жұмыс олардың коммуникативтік дағдыларын жақсартады.

III тәжірибеде үшбұрыштар ұқсастығын қолдану. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қолдануға арналған қолданбалы есеп мысалдары.

Алматы қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады:

  • орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі.
  • жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады.
  • субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады.
  • одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр.

Тапсырма.

Алматы қорығына келген туристерге Тянь-Шань шыршасының биіктігін (АВ) табу керек:

бағанның биіктігі аb = 10м,

шыршаның биіктігі ВС =45м,

бағанның көлеңкесі bc= 15м.

IV Жұпта есептерді шешу. Есептерді шешуде үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қолдану. Қосымша 2

Қосымша тапсырмалар басқалардан бұрын шығара алатын оқушылар үшін ұсынылған. Қалған оқушыларға өз қалауы бойынша бос уақытында осы есептерді шешуге ұсынуға болады.

Рефлексия.

Үй тапсырмасы. Қосымша №3

Презентация

Тарсия

Қосымша 2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін мұғалім бағалайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.