Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 В Жазықтықтағы түрлендірулер

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;

 Сабақ

 мақсаттары

Жазықтықта фигураларды түрлендірудің бір түрі - қозғалыс ұғымымен танысу және оның түрлері мен қасиеттерін қарастыру

 Бағалау

 критерийлері

  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;
  • Қозғалыстың түрлерін, композицияларын, қасиеттерін біледі;
  • Қозғалыс кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін сала алады;
  • Жазықтықтағы түрлендіруді қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Түрлендіру барысында не өзгеретінін және өзгергенде не өзгермейтіндігін ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • Қозғалыс;
  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру;
  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;
  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;
  • … әртүрлі жақтарында;
  • … бір жағында;
  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;
  • … бірдей қашықтықта;
  • фигура өз-өзіне көшеді;
  • берілген фигураныңсимметрия осі;
  • О центрімен бұрышқа бұрылу.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірі мен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әртүрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сәулет өнері

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

Бастапқы білім

Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастырушылық кезеңі

  • мұғалім оқушылардың назаларын шоғырландырады;
  • оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ айқындайды;
  • оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау,
  • үй жұмысын тексеру

Слайд 1-4

Қайталау

5 мин

- Кесінді дегеніміз не?

- Жазықтық дегеніміз не?

- Қандай түзулерді параллель деп айтамыз?

- Перпендикуляр дегеніміз не?

- Фигура дегеніміз не?

Слайд 5

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты меңгеру.

15 мин

1) Центрлік симметрия.

Егер О нүктесі – АА1 кесіндісінің ортасы болатын болса, онда А және А1 нүктелері О нүктесіне қатысты симметриялы деп аталады (мұнда О симметрия центрі). Ал О нүктесі өзіне өзі симметриялы деп есептелінеді.

Нүктеге қатысты нүктенің және түзудің сәйкесінше симметриялы нүкте мен түзудің салынуы қарастырылады.

2. Осьтік симметрия.

А және А1 нүктелері түзуіне қатысты симметриялы (осьтік симметрия) деп аталады, егер түзу АА1кесіндісінің ортасы арқылы өтсе және осы кесіндіге перпендикуляр болса.

Түзуге қатысты нүктенің және түзудің сәйкесінше симметриялы нүкте мен түзудің салынуы қарастырылады.

3. Бұру.

Берілген нүктеден айналдыра жазықтықты бұру деп осы нүктеден шығатын әрбір сәуле бір ғана бұрышқа, бір ғана бағытта бұрылатын қозғалысты айтады.

АВ кесіндісі О центріне қатысты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта 600 ( 105°) бұрылып тұрғаны қарастырылады.

4. Параллель көшіру.

Егер түрлендіруде барлық нүктелер бірдей бағытта, бірдей арақашықтыққа жылжыса, онда түрлендіруді параллель көшіру деп атаймыз.

Слайд 6-10

Слайд 11-13

Слайд 14-16

Слайд 17-20

Топтық жұмыс

10 мин

«Карусель» стратегиясы. Бұл кезеңде оқушылар 4 топқа біріктіріледі.

1-топ.

1. Нүктеге қатысты симметрия.

Кез келген О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салыңыздар.

2. МКЕ үшбұрышының ішінде орналасқан кез келген О нүктесіне қатысты осы үшбұрышқа симметриялы М1К1Е1 үшбұрышын салыңыздар.

2-топ.

1. Кез келген түзуге қатысты кез келген көпбұрышқа симметриялы көпбұрыш салыңыздар.

2. Кез келген көпбұрышқа оның кез келген қабырғасына қатысты симметриялы көпбұрыш салыңыздар.

3-топ.

Бұру.

1. Кез келген үшбұрышты қандай да бір О нүктесіне қатысты 70° бұрышқа сағат тілі бағытымен бұрғанда алынатын фигураны салыңыз.

2. Кез келген көпбұрышты оның кез келген төбесінен 45° бұрышқа сағат тіліне қарсы бағытта бұрғанда алынатын фигураны салыңыз.

4-топ.

4) Параллель көшіру.

1. А нүктесін А1 нүктесіне көшетіндей, кез келген үшбұрышты параллель көшіргендегі фигураны салыңыз.

2. А нүктесін С нүктесіне көшетіндей, кез келген көпбұрышты параллель көшіргендегі фигураны салыңыз.

Қосымша 1

Слайд 21-23

Слайд 24-26

Слайд 27-29

Слайд 30-32

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

- не білдің, не үйрендің

- не түсініксіз болып қалды

- немен жұмыс істеу қажетті.

Үй тапсырмасы.

Саралау

Жеке жұмыс тапсырмалары деңгейленген түрде ұсынылады.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы. Бірін-бірі бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу