Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1А бөлім: Жазықтықтағы векторлар | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева А.Б | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 G | Қатысқандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын біледі және қолданады, 9.1.4.4 векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктей біледі; | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу қалай орындалатынын үйрету | |||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Векторлардың коллинеарлық шартын біледі және қолдана алады; Векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктей алады; | |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлімдегі лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Академиялық шыншылдыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, алгебра, информатика | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Визуалды оқушылардың есте сақтауына байланысты. bilimland.kz/ | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Векторларға амалдар қолдануды біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру) Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру. Орынға отырғызу матрицасы көмегімен ауызша сұрақтар қою.. Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады. |
Сабақтың ортасы 32 минут | Теорема. Егер а жене b нөлдік емес, коллинеар емес векторлар болса, онда кез келген с векторы үшін х және у сандары maбылып, с=ха +уb meңдеуі орындалады және бұл теңдеу жалғыз ғана түрде жазылады. Осы теоремадан кез келген векторды коллинеар емес кез келген екі векторға жіктеуге болатыны шығады. Егер жазықтықта осындай коллинеар емес екі вектор тандап алынса, онда бұл векторларды базистік векторлар деп атайды. Сонымен коллинеар емес кез келген екі векторды осы жазықтықтың базистік векторлары ретінде алуға болады және кез келген вектор осы базистік векторлар арқылы жіктеледі Вектордың тік бұрышты координаталар жүйесіндегі координаталары Оху тік бұрышты координаталар жүйесін алайық. i векторы Ох осімен бағыттас, ал j - Оу осімен бағыттас бірлік векторлар болсын. Бұл векторларды координаталык векторлар (орттар) деп атайды. i және j векторлары коллинеар емес болғандықтан, оларды базистік векторлар ретінде қарастыруға болады. Бұл базистік векторларды ортонормаланған базистік векторлар деп атайды және теңдігі орындалады а =xi +у j Мұнда х пен у сандарын а векторының Оху тік бұрышты координаталар жүйесіндегі координаталары деп атап, оны былай жазады: а =(х; у). Енді вектор координаталарының қасиеттерін келтірейік: 1. Тең векторлардың сәйкес координаталары да тең: а =(х; у), b =(u; v) жене а = b болса, онда х=и, y=v. 2. Векторларды қосқанда олардың сәйкес координаталары қосылады: a =(x,y), b =(u; v) болса, онда а + b =(х+и; y+v). 3. Векторларды санға көбейткенде оның кооординаталары да санға көбейтіледі. Егер Оху жазықтығында А(х; у) нүктесі берілсе, онда OA векторын А нүктесінің радиус-векторы деп атайды. OA радиус-векторы үшін ОА= (х; у) болады. Айталық, а = АВ векторы берілсін және А(х1; у1), В(х2; у2) болсын. Онда AB=(x2-x1; y 2-y1). AB векторының модулі Презентациядағы мысалдар. Слайд № 12,14,15,16 ІV Практикалық бекіту. Қосымша №1 |
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау: Сабақты көңіл күй смайликтері арқылы бағалау X. Үй тапсырмасы: Кітап бойынша есептер үйге беру. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.