Фигураның аудандары. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар:

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигураның аудандары

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 8.1.3.9 көпбұрыштың ауданы ұғымы және оның қасиеттерін біледі;
  • 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
  • 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады
  • 8.1.3.13 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;

Сабақтың мақсаты

меңгерген қасиеттер мен формулаларды қолданып, фигуралардың аудандарын есептеу дағдыларының дамуына жағдай жасау

Бағалау критерийі:

Оқушылар:

  • Үшбұрыштың ауданын есептеу формулаларын біледі және қоданады.
  • Тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың ауданын есептеу формулаларын біледі және қоданады.
  • Трапецияның ауданын есептеу формуласын біледі және қоданады.
  • Қолданбалы есептерді шығаруда үшбұрыштың, тікбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның аудандарын есептеу формулаларын қолдана алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

  • Фигуралардың аудандарын табуға байланысты есептерді, яғни дайын сызбалар бойынша есептерді толық түсіндірмелерімен шеше алады.
  • Келесі фигуралардың аудандарын табуға байланысты қолданбалы есептерді шығара алады: үшбұрыш, квадрат, тікбұрыш, параллелограмм, ромб, трапеция.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар фигуралардың аудандарын табуға байланысты терминдерді біледі (аудан, табан, биіктік, қабырғаның ұзындығы, периметр, бұрыштың синусы, диагонал және т.б.)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тіктөртбұрыштың, параллелограмның, трапецияның және ромбының аудандарының формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Тең көпбұрыштардың аудандары тең.

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асады. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болуы керек. Жұптарда жұмыс істеу арқылы, оқушылар жаупкершіліктері артып, әріптестерін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Өзара бағалай білуге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны жазу және көрнекі құрал ретінде қолдану.

Алдыңғы білім

Үшбұрыштың, тікбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, трапецияның, ромбтың ауданын есептеу формулалары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Дереккөздер

Басы

2 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты тұжырымдалады. Одан кейін бағалау критерийлерін айтады.

Мұғалім оқушыларды сабақ жоспарымен таныстырады.

1. Теорияға шолу.

2. Дайын сызбалар бойынша есептер.

3. Есептер шығару.

4. Топпен жұмыс.

5. Өздік жұмысы.

6. Сабақты қорытындылау.

Презентация

1-4 слайдтар

Ортасы

5 минут

3 минут

9 минут

8 минут

10 минут

ІІ. Теорияға шолу.

а) Өткен тақырыптарға қысқаша шолу жасау, көпбұрыш аудандарының негізгі қасиеттерін жалпылама түрде сұрау.

б) «Сәйкестендіру» тесті. Оқушылар өздері жеке орындайды. Жауабын слайдпен тексереді.

ІІІ. Дайын сызбалар бойынша ауызша есептер. Оқушылар шешу жолдарын түсіндіре отырып орындайды.

ІV. Есептер шығару.

Оқушылар орындарында орындайды, кейбіреуі тақтада орындайды. Қажет болған жағжайда мұғалім бағыт-бағдар береді.

  • Теңқабырғалы үшбұрыштың ішіндегі нүктеден оның қабырғаларына дейінгі қашықтықтардың қосындысы осы нүктенің қалай орналасқанына тәуелді емес екендігін дәлелде.
  • ABC үшбұрышында ВС = 34 см. ВС қабырғасының ортасынан АС түзуіне түсірілген MN перпендикуляры АС қабырғасын AN= 25 см және NC= 15 см болатын кесінділерге бөледі. ABC үшбұрышының ауданын тап.
  • Теңбүйірлі трапецияның ауданын тап, егер оның табандары 16 см және 30 см, ал диагональдары перпендикуляр болса.

V. Топпен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлініп, қолданбалы есептерді орындайды. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі, қалған уақыт орындаған тапсырмаларын ортаға шығып қорғауға арналады.

Оқушылар шешу жолдарын үлкен қағазға жазып, бағалау үшін тақтаға іледі. Қалған топтар жұмысты бағалап, есеп бойынша сұрақтар қояды.

VI. Өздік жұмысы. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері ауданды бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды таңдап орындайды.

5-7 слайдтар

Қосымша 1

Қосымша 2

8-9 слайдтар

Қосымша 3

10-12 слайдтар

Қосымша 4.

13-15 слайдтар

Қосымша 5

16 слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

  • Біз бүгін қандай тақырыптарды қайталадық?
  • Неге берілген тақырыптар маңызды болып табылады?
  • Сабақта не ұнады?

Келесі сөйлемдерді толықтыр:

  • Мен бүгінбілдім.
  • қызықты болды.
  • қиын болды.
  • Мен … тапсырмаларды орындадым.
  • Енді мен … орындай аламын.

17 слайд

Дифференциалдау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына сынып оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы сабақтың өн бойында жүргізіледі – мұғалім жұмыстардың орындалуын бақылайды, ауызша түсініктемелер береді. Оқушылардың сабақтағы әрекеті мен талқылауға қатысуы және басқа да іс-шаралардағы белсенділігін бақылай отырып бағалайды. Жұмыс орындалғаннан кейін топтардың бір-бірін бағалауы. Оқушылардың жеке жұмыстарын мұғалімнің бағалауы.

Сабақта техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

Оқушылардың әрбір іс-әрекеттеріне бөлінетін уақыттарды тиімді ұйымдастыру.

Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.