Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома және т.б.). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, дидактикалық материал.
Альджанова Н.К.
«Мәдениеттану» мамандығы
2 курс докторанты
Ғылыми жетекші
Борбасова Қ.М. филос.ғ.д., профессор
Қазақ халқы сәндік өнерінің тұрмыс-салттағы маңызы
Қазақ халқы – кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан қолданбалы сәндік қолӛнердің тікелей мұрагері. Сәндік ӛнер қазақ халқының ӛмір тіршілігімен дамып, жасасып келе жатқан ӛнердің бір түрі. Ерте заманнан әр бір ұлттың ӛзінше ӛмір сүру қалыбы, тұрмыс-тұрқы, әдет-ғұрыптық ӛзгешелігі, түсінік-пайымдары бар екені белгілі. Кӛне дәуірден ақпарат беретін археологиялық қазба жұмыстары қазір мұражайларда сақталған. Ертеде жазу, сызу болмағандықтан кӛшпенділер ӛздерінің күнделікті тұрмыс- тіршілігін тастар мен қолӛнер бұйымдарына бейнелеп отырған. Ежелден қалған қолӛнер туындылары ата-бабаларымыздың ӛткен ӛмірінен кӛп мағлұмат береді. Халқымыздың қолданбалы ӛнері ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына қашанда ерекше ықпал етті. Ұлттық санадағы осы алтын қорымыз асыл қазына ретінде саналып, үнемі жаңғыру, жақсару үстінде болды. Мәдениет ежелден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дүние. Ӛнер тарихы дегеніміздің ӛзі – адамзат тарихы. Адамзат ес жиып, ӛскеннен бері ӛнермен бірге ӛмір сүріп келеді. Бізге белгісіздеу кӛрінген ӛнердің бастапқы белгілері ондаған мың жыл бұрын байқала бастаған. Қазақстанның қолданбалы ӛнері бағзы заманнан бері кӛптеген жиһангерлер мен коллекция жинаушылардың ғана емес, ғалым- этнографтар, археологтар және мәдениеттанушылардың назарындағы зерттеу нысаны болып келген. Қасиетті қазақ халқының қолӛнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді кӛне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті ӛз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолӛнерінің даму биігіне кӛтерілген кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Әдетте киіз үйдің ең кӛп тараған негізгі түрі – алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз - алты керегелі үй деген сӛз. Сонда үйдің үлкен-кішілігі, оның қанат санына байланысты. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саны әр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге кӛздерінің үлкен кішілігіне қарай тор кӛз кереге(жұдырық сиятындай), жел кӛз кереге ( қос жұдырық сиятындай) деп бӛлінеді. Киіз үйдің жасау-жиһаздарының бірі – тамақ, азық-түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасайтын ағаш сандық – кебеже. Кебеженің халық тұрмысындағы кӛшіп-қону кезінде түрлі зат салуға арналған кӛш кебеже деген түрі де болған. Кебеже – кімге болса да ӛте қажет бұйым. Сондықтан ағаш ұсталары оны, кӛбінесе, ешкімнің тапсыруынсыз кӛптеп жасап, шетінен алушыға сата береді екен. Орта есеппен кебеженің ұзындығы 70- 90см, биіктігі – 40-50, ені 40-45 см шамасында жасалған. Кебеженің тӛрт қабырғасы, түбі мен қақпағы тӛрт қырлы тӛрт қазық арқылы біріктіріледі. Мұның бет жағын ғана әсемдейді. Кебеженің бетін оюлап, сырлап кӛркемдеу Қазақстанның батыс ӛңіріне тән. Ал кебеженің әлдеқайда үлкен түрі абажа деп аталады. Абажаға ыдыс-аяқтар мен азық-түлік сақтаған. Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене, саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар (ет салатын ағаш ыдыс), сонымен бірге бидай, тары түйетін келі мен олардың қажетті бӛлшектері келсап, піспек сияқты бұйымдарды ӛз жерімізде ӛсетін ағаш түрлерінен ұқсатып жасай білген. Ағаштан ойып жасалған кішілеу ыдыс тостаған деп аталса, ас салатын жайпақ ыдыс табақ деп аталған. Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолӛнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Кӛшпелі ӛмір салтында, оның ішінде малшы ӛмірінде ӛндіріс құралы ретінде ер- тұрманның (ат әбзелдері) алар орны айрықша. Қашанда шаруа адамының мінген аты бапты, киімі ыңғайлы, ер – тұрманы сайлы болса , онда оның бойынан кәсіби мәдениеттің лебі есіп, кӛрер кӛзді қуантып тұрған. Ер-тұрман кӛне заманнан бері кӛшпелі халық ӛмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты. Мәселен, ауқатты қазақ отбасы ӛз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ, атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау ісі кең ӛріс алған. Осыған орай ершілер ӛнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы-жазы бірдей қолдан қолға тигізбей ер қостырып отырған [1]. Тӛсеніш және қабырғаға тұтатын киіз, түкті және түксіз кілемдердің, басқұрлардың (таспалар) жинағы едәуір кӛлемді. Қабырғаға тұтылатын, кестелеп тоқылған түрлі-түсті кілем-түскиіздер аз кӛлемде ұсынылған (тұскесте, негізі матадан болғандықтан олар тез шіріп кетуге жақын). Қолданылатын материалдардың жалпылығына қарамастан, олардың барлығы әртүрлі ру-тайпалық топтар мен аудандарға тән ӛздерінің ою-ӛрнегінің, колористік құрылымы мен ӛрнегінің ӛзгешелігімен ерекшеленеді [2]. Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының кӛшпелі тұрғын үйі. Ол – кӛшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни кӛшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскӛй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ – қасиеттi. Шаңырақ – күннiң символы. Шаңырақ кӛтерiлiп жатқанда ешкiм сӛйлемейдi. Ӛйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сӛйлейдi» деген сӛз осының дәлелi. Шаңырақтың тӛрт күлдiреуiшi – тӛрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақ отбасының қасиет тұтар дүниесі, тұқымды жалғастыратын белгісі болып табылады. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріледі және ата- бабалардың рухын қорғаушы ретінде саналады [3, 21]. Қазақ халқының сәндік бұйымдары күнделікті тұрмыс тіршілікте кеңінен қолданылады. Соның ішінде ұлттық киімдердің алатын маңызы зор. Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді ӛткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең кӛлемде жан-жақты мағлұматтар береді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан ӛзгеше ӛзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат тӛсінде ӛсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі кӛшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір ӛзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімдерді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Кӛшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен пішілу тәсілінде сабақтастық сақталған. Қазақтың киім-кешегінен халықтың ӛткендегі ӛндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіптен меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты кӛрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай, әлі де болса ел игілігіне қызмет ететіні даусыз. Оған дәлел – әр түрлі маталардан тігілетін шапан, бешпент, камзолдардың, аң терілерінен, қаракӛл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілетін бас киімдердің, кебіс-мәсінің, тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып келе жатқаны. Қазақы киімнің қонымдылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондағы киім табиғатымен біте қайнасқан келбет пен әшекей бірлестігін қазіргі киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын кӛрсетеді. Тіптен егде тарта бастағандардың киім-кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты еуропалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жатқанының ӛзінде ұлкен мән бар. Қазақы киім – кӛненің кӛзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау керектігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру, баламаларын кӛптеп шығару басты парыз болмақ. Себебі, уақыт ӛткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиындай түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Мәселен, ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экспедициялар арқылы іздестіріп, киім-кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның ӛзінде олардың білетіндерін, әке-шешелерінен, ата-әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен шектеледі. Республиканың музей қорында да негізінен осы кезеңнің киімдері сақталған [4, 21-22]. Қазақтың ұлттық киімдері халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Басқа ұлттық киімдерді былай қойғанда, қазақ халқы ежелден шапанды, камзолды, тақия мен бӛрікті айрықша киелі киім санап, қадір тұтқан. Әсілінде, халқымыз ерте заманнан бері ұлттық киімдерді кімнің болса, соның иығына жауып, қалай болса, солай сыйға тартуды қаламаған. Керісінше, ел басқарған хандар мен сұлтандар қазақы қалыптың, ұлтымыздың айрықша белгісіндей болған шапанды әсте иықтарынан тастамаған. Киім үлгілерінің ұлттық кӛрінісінің нақыштары, ӛрнектері, айшықты, ырғақты, стильдерді ӛз ерекшеліктерімен құнды. Ұлттық киімді әшекейлеу, қолданбалы ою-ӛрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының ӛнері болып табылады. Халқымызда кӛнеден қалған ежелгі салт бойынша құрметті қонақтардың иығына шапан жабу дәстүрі бүгінде заңды жалғасын табуда. Шапан түрлері: әдетте, жергілікті тұрғындар шапанды ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те бӛліп жатады. Бұған қоса, кейде шапан ру, тайпа атауларына байланысты қыпшақ шапан, арғын шапан, найман шапан, адай шапан, қызай шапан деп те аталады екен. Сондай-ақ оны географиялық аймаққа қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атайтын болған. Бір ерекшелігі, ұлттық киімдердің түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүрлер мен алуан түрлі ырым да бар [5]. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын ӛзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою- ӛрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Ежелден келе жатқан кәсіп қол ӛнер халықтың ӛмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолӛнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент-әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сӛзі казақ тіліңде ою-ӛрнек болып алынып жүр. Бұл сӛздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-ӛрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу ӛнерінің бір түрі. Ою-ӛрнектің бір түрі – ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою-ӛрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қол-ӛнер шеберлері ертеден ою-ӛрнек атауларын екі топқа бӛліп қарастырады, бірінші топ ою-ӛрнектердің тікелей ӛзіне, түріне катысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-ӛрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-ӛрнек тарихы, халық тарихымен бірге жасасып келе жатқаны белгілі. Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз-келіншектер киген, әшекейдің де ең асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етекті кӛйлек, бешпент, камзол, қынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар бастарына кәмшат бӛрік, сәндеп ӛрнектеген ақ шыт орамал таққан. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан ӛзгеше ӛзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат тӛсiнде ӛсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Ӛткен ғасырлардың ӛзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, кӛне сызба-суреттер сыр шертеді. Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын кӛне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бӛлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай – жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бӛлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі. Сондай-ақ, қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң ӛзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал- серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит, тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйектен жасалған ине, сүйек бізді қолдана отырып, тері және тоқыма киім- кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап ӛру, иіру, тоқу кәсібі ӛмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің кӛбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды. Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: кӛйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, кӛкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп тӛрт топқа арналып тiгiледi [6]. Қазақ халқының сәндік қолданбалы ӛнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-ӛрнекпен кӛркемделіп отырады. Ою-ӛрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі ӛрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату ӛнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы кӛркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, кӛз салу секілді зергерлік ӛнерінің түрлері де ӛркен жайды. Қазақ халқының қолӛнері халық тұрмысында жиі қолданылатын ӛнер жиынтығы болып табылады. Қолӛнер түрлері әрбір халықтың ӛмірімен, қоғам тарихымен тікелей байланысты дамып отырған. Ал, қазақ халқының қолӛнерінің ӛзіндік даму сатысы, ӛзіндік даму тарихы бар. Әрбір қолӛнер түрлері жасалу тәсіліне, қолдану мағынасына және ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрлерге бӛлінеді. Мысалы, «ӛру», «тоқу», «кестелеу», «тігу», «мүсіндеу», «әшекейлеу», «ұлттық киімдер», зергерлік ӛнер, ағаш бұйымдар, құрастыру, бейнелеу сияқты түрлері кеңінен тараған. Қолӛнер шеберлері үнемі шығармашылықпен жұмыс істей отырып, халыққа қажетті қолӛнерлерінің алуан түрлерін ӛмірге келтірді. Қазақ халқының қолӛнері ішінде киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ бұйымдарын жасау, тоқымашылық, сырмақ сыру, текемет басу ӛнерлерімен кеңірек айналысқандығы белгілі. Осы аталған халық шеберлері, мұрагер-шәкірттерінің тынымсыз ізденіс үстіндегі еңбектерінің нәтижесінде қазіргі таңда жалғасын табуда. Ежелден келе жатқан кәсіп қол ӛнер халықтың ӛмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Хангереева З.С., Бақитова Г.Б. Халық ӛнері – асыл қазына // http://olke.kz .
2. Vestby V. CAD-CAM development in art and craft weaving: Experiences from integration in teaching and training in vocational and university level schools in Norway // Education and Computing, Volume 6, Issues 1-2, July 1990, P. 147–152.
3. Каирбеков Б. Казахская юрта. – Алматы: Дидар, 1998. – 80 с.
4. Жәнібеков Ӛ. Қазақ киімі. – Алматы: Ӛнер, 1996. – 192 б.
5. Хинаят Б. Қазақ әйелінің ұлттық киімдері // http://muftyat.kz
6. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Национальная одежда казахского народа. National dothes of Kazakh people. – Алматы: Алматыкітап, 2007. – 384 б.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.