Мен және менің мектебім. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Менің мектебім | Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мен және менің мектебім | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну 1.1.1.1 Қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерімен, таныс бейнелері мен формаларын анықтай бастау | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Жетістік критерийлері | Оқушы мақсатына жетті, егер де: - Суреттері арқылы нобай жайында түсінігін көрсетеді; - Бөлмедегі нысандарды ұқсатып бейнедейді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Түйінді сөздер альбом – альбом – album; нобай – набросок – sketch | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет- сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау; Ынтымақтастық-сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу; Еңбек және шығармашылық - жұмыс барысында шығармашылық дағдыларын көрсету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка. Оқушылар музыка тыңдай отырып, екінші тапсырманы орындайды | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды | |||||
Бастапқы білім | Мектепті фотосуретке түсіру. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
| Оқушылардың назарын сабаққа аудару Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою Оқушылардан өткен сабақта қандай жұмыс атқарғанымыз жайында сұрақ қойып, бір-екі сөзбен жауаптарын тыңдау. | |||||
Сабақтың ортасы | Тақырып бойынша оқушылардың қаншалықты білімдері бар екендігін анықтап алу. Альбом дегеніміз не? Альбомның қандай түрлерін білесіңдер? Альбом не үшін қажет?- деген бірнеше сұрақтар қою. (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Жұптық әңгіме. Қатар отырған екі оқушыны жұптастыру арқылы жұптық әңгіме құрастыру. Оқушылар 1-2 минут ішінде бір-біріне өзінің үйінде қандай альбомдардың бар екендігі жайында әңгімелеп береді. Презентацияы пайдалана отырып альбом жайында мағлұмат беру. 2 және 3 слайд: Альбом – (лат. album) аударғанда ақ деген мағына береді. Альбом сурет – салуға арналған, түптелген ақ қағаз парақтары екенін айту қажет. Альбомға идеяларыңды салуға немесе жазуға болады. Альбомдағы суреттерден картина құрастыруға болады. Сонымен қатар оқушыларға альбомға бір тақырыптардағы әр түрлі ақпараттарды жинайды: картиналар, суреттер, өлеңдер, музыкалық туындылар және фотосуреттер пайда болғалы фотоальбомдар шыққаны жайында айту. Әр түрлі альбомдар жайында ақпарат беру барысында алдын ала дайындалып қойған сурет салатын альбом, фотосуретке арналған, музыкалық таспалар және сызуға арналған альбомдарды көрсету. 4, 5 және 6 слайд: Фотосуреттерді жинауға арналған альбом. Фотосуреттерге арналған албомдар балаларға арналған, отбасылық және мектеп фотосуреттерінің альбомдары және т.б. болатыны жайында айту. 7 слайд: Музыкалық әндерді жазуға арналған таспа болады. Осы таспаны музыкалық альбом деп атайды. 8 слайд: Әр түрлі архитектураларды, ғимараттарды, қандай да бір жобаларды сызуға арналған альбомды "сызуға арналған альбом" - деп атаймыз. 9 слайд: Оқушыларға слайдты көрсетіп қойып, екі оқушыдан жұптастыру қажет. Оқушыларға суретке қарап нобай дегеніміз не екендігін анықтау үшін, бір-бірлеріңмен талқылап 2 минуттан соң мұғалімге жауаптарын қайтару керектігін ескеріп, тапсырма беру. (жұптар қойылған сұрақтар бойынша өздерінің ойларын айтады.) Әрі қарай презентацияның келесі беттерін пайдалана отырып, нобай жайында ақпарат беру. Нобай – жылдам және еркін салынатын, қысқа мерзімді сурет. Нобайдың негізгі қызметі – ойға алғанды белгілеп қою. Қажет болған жағдайда нобай натураға қарап салынады. Нобайда нысананың жалпы тұрпаты салынады деп түсіндіру. 10 слайд: Оқушыларға, "Мына суреттердің қайсысы бірінші салынды деп ойлайсыңдар?"- деп сұрақ қойып, олардың неліктен осылай ойлайтыны жайында толық жауап беруін талап ету керек. 11 слайд: Оқушылармен тақтадағы тірек сөздерге қарап отырып хормен бірнешетер қайталатқызу қажет. Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар өзерінің сөйлемдерінде тірек сөздерді қолдануын қадағалап отыру қажет. 5. Оқушыларға нобайды қалай орындау керек екендігі жайында видео көрсету. Оқушылар видеоны көріп болған соң қысқаша не түсінгендері жайында баяндап береді. Оқушылардың іздену, ойлау және тиянақтылық қабілеттерін қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушылар сынып бөлмесін мұқият қарап шығады. Айналасында не бар екенін және қандай сызықтар мен пішіндер көргендері жайында айтып береді. Оқушылармен бірге сыныптың ішіндегі заттарды: қабырға, төбе, терезелерді, сонымен қатар басқа заттарды атап шығу қажет. Тура, толқынды, ирек, үзік сызықтарды қайдан көруге болатынын, жиһаздың пішіні (дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрышты) қандай екенін оқушылармен бірге анықтау. Альбоммен жұмыс: Оқушыларға сынып бөлмесінің жартысының нобайын салу тапсырылады. Жұмыстың орындалу кезеңін түсіндіріледі. Алдымен оны барлық жағынан қарап шығып, қандай фрагментті салатындарын анықтау керек. Одан кейін альбом бетіне қалай орналастыратындарын ойлау керек. Оқушылар жұмсақ қара қарындашпен альбом бетінде суреттің нобайын сала бастайды. Сурет нобайындағы элементтерді нақты сынып бөлмесіндегідей етіп орналастыру керек екені ескеріледі. Шығармашылық жұмыс: Шығармашылық жұмысты орындауға кіріспес бұрын музыка қосып қою қажет. Себебі музыка сурет салу барысында суретшіге шабыт береді. Оқушылардан альбомдары мен қарындаштарын алып, сынып ішіне жүріп, өздеріне ұнаған жердің нобайын сала бастайды. Сурет жұмсақ қара қарындашпен орындалады (2М–8М). Сурет салуға ыңғайлы болу үшін, альбом тысының қатты негізді болғаны жақсы. Болмаса оқушыларға сурет салуға қолайлы жағдай жасау керек. Мысалы: таңдаған жеріне парта мен орындықты жылжытып беру. Оқушылар сурет салып жатқан кезде олардың іс-әрекеттерін қадағалап жүру керек. Тапсырманы барлығы орындай алады ма, соны қарастыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға баса назар аудару қажет. Оқушылар өздерінің үйреншікті орындарында отырмағандықтан, олардың жұмыс орындары қауіпсіз болу керек екендігін ескеріп отыру. | Алдын ала дайындалған сурет салуға арналған, фотосуретке арналған, музыкалық альбом және сызуға арналған альбомдар Жұмсақ қарындаш, альбом, өшіргіш | ||||
Сабақтың соңы | Жұмыс аяқталған соң, музыканы өшірп, өз орындарына отырады. Содан кейін суреттерін жинап алып, тақтаға ілінеді. Оқушылардың жұмыстарын талқылап, сұрақ қою: Қандай суретте сыныптың терезелері бейнеленген? Кім тақтаның суретін салды? Саған қандай сурет ұнайды? Не себепті? Тарату парағымен жұмыс істеу: Оқушыларға арналған тарату материалдарды таратып беру, оқушылар парақтардағы заттарды мектептің қай сыныптарына апарып қояр екендігін ауызша айтып береді. Оқушылар неліктен солай шешкендерін түсіндіріп береді. Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақта не білгендері және не үйренгендері жайында ауызша әңгімелеп береді. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қосымша тапсырмалар. Қажет болған жағдайда оқушылар елестету арқылы өздерінің бөлмелерінің бір бұрышын сала бастайды. | Эскиздерді тақтаға іліп, оқушыларға бағалап шығуды тапсыру қажет. Суретте бейнеленген сыныптың бөлігін табуды ұсыну. Егер оқушылар суреттегі сыныптың бөлімін дұрыс таба алса, суреттің нобайы дұрыс салынған. Егер таба алмаса, ол суреттің нобайын дұрыстау керек. Нәтижесіне қарамай барлық оқушыларды жұмыстары үшін мақтау. Бір-біріне қол соғып қошемет көрсетеді. | Оқушылар өздеріне ұнаған жердің суретін салу үшін, сыныптың кез келген жерінде отырып сурет салады. Осы кезде оқушылардың отырған жерінің қауіпсіз болуын қадағалау. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру