Саяси режимдердің түрлері. Мемлекеттің тарихи түрлері мен формалары. Интерпретация. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекеттік және саяси режимдердің тарихи түрлері мен формалары (6 с.) | Күні: Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сабақ тақырыбы Тарихи концепт | № 1 сабақтың тақырыбы: Саяси режимдердің түрлері. Мемлекеттің тарихи түрлері мен формалары. Интерпретация | |||||
Оқыту мақсаты: |
| |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мемлекет, монархия, Республика, абсолюттік монархия, конституциялық монархия, парламенттік және президенттік республикалар. | |||||
Құндылықтарды еңгізу | Белсенді азаматтық ұстанымды , саяси сауаттылықты дамытуға жәрдемдесу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Құқық негіздері, қоғамтану | |||||
Бастапқы білім | Тарих, Құқық негіздері сабақтарынан алынған білім | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин. | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2. ОЙ ШАҚЫРУ. ТАҚЫРЫПҚА ШЫҒУ. (Ж) Тапсырма: Слайдта сіздерге бірнеше мемлекет ұсынылады: Ұлыбритания, Польша, Ресей, Оман, Австрия, Сауд Аравиясы, Норвегия, Канада, Швеция. Олар қандай белгімен бірге топтастырылуы мүмкін? Мемлекететтердің атауы өз мемлекеттерінің туының жанына орналасқан. (презентацияның 1 слайды) Тапсырма орындалып болған соң, бірнеше жұп нәтижелерімен бөліседі, оқушыларға сұрақ қойылады: - Қай принципке қарап елдерді топтастырдыңыз? - Қанша топ шықты? Оқушылар туының түсімен, мемлекттің орналасуымен топтастыруы мүмкін. Оұушылардың назарын мемлекеттің басқару жүйесіне аударуға болады: мемлекеттердің бір бөлігі – республикалар, екіншісі – монархия (слайд 2). Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау. | Презентация
| ||||
Сабақтың ортасы
25 мин. | Cұрақтар: (C) Мемлекет дегеніміз не? Мемлекет қандай белгілермен сипатталады? Мемлекеттің формалары мен функциялары қандай? Дифференциация. Тапсырма: оқушыларға мемлекеттердің билікті басқару формалары жайлы білім деңгейлерін анықтау ұсынылады. Қызыл түрлі түсті карточкаларды пайдаланып, тапсырманы орындайды (презентацияның 3 слайды). 1) Жасыл мен қызғылт түсті таңдаған оқушылар, басқару жүйесі жайлы жалпы түсініктері бар екенін білдіреді, бір топқа бірігіп, 1 кестені толтырады. 2)Қызыл мен көк түсті карточкаларды таңдаған оқушылар, басқару жүйесі туралы білімдеріне сенімсіз екенін, мойындап, екінші топқа бірігіп, 2 кестені толтырады ( басқару жүйелерімен және олардың белгілерімен танысады). Тапсырманы орындалудың нәтижесінде екі топтың 2 оқушысы слайдтағы кестені толтырады (прзентацияның 4 слайды). Басқалары осы уақытта жұмыс парағында тапсырманы орындайды: басқару жүйесін анықтауға және терминдерге түсінік беру. Монархия – бұл… Республика – бұл… Қорытынды жасалады. Қарастырып жатқан материал бойынша талқылау ұйымдастырылады: Сұрақтар: 1) Монархия мен республиканың айырмашылығы неде? 2) Конституциялық монархия мен республиканың арасында ұқсастықтар бар ма? Айырмашылықтары? 3) ҚР басқару жүйесінің формасы қандай? Қандай белгілерімен оны анықтауға болады? 4) Елге, азаматтарға қандай мемлекеттік басқару қолайлы?5 слайдқа сілтеме – статистика. 5) Мүмкін, бәрі үкіметтің формасына байланысты шығар? XVIII ғ. философы Гельвеций Клод Адриан қандай қатынастар жайлы айтады (презентацияның 6 слайды) «Әрбір елде адамдар қалыптастыру өнері мемлекеттік құрылыммен тығыз байланысты, мемлекеттік жүйенің өзі өзгермей, қоғамдық санада елеулі өзгерістер болуы мүмкін емес». (Мемлекет пен қоғамның арасындағы байланыс). Оқушылардың назары 18 ғ. аударылады: – 18 ғ. әлемде қадай маңызды оқиғалар орын алды (Франция, АҚШ)? (революциялар, абсолюттік монархиялар жойылды) - Мемлекеттердің бір қатары қандай басқару жүйесіне өтеді? - Қоғамда, адамдардың санасында қандай өзгерістер болуы керек? - Қоғам не мемлекет бұрын өзгеруі керек? - кез келген өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін. Варианттар бойынша тапсырма: Терминдерге түсінік құрастырыңыз. Монархия – бұл… Республика – бұл… Тапсырманы орындағаннан кейін әңгіме құрастыру: тапсырманы қалай орындадыңыз? Қандай қиындықтар туды? Тұжырымды қалай шығардыңыз? (белгілер бойынша). | |||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Бекітуге тест: 1. К. мемлекетінде халықтың сайланған президенті - мемлекет басшысы және үкімет басшысы. Сонымен қатар, мемлекет өз әрекеттеріне президент жауап береді. К. мемлекетінің басқару нысаны қандай? 1) конституциялық монархия 2) президенттік республика 3) аралас республика 4) парламенттік республика 2.Үкіметтің екі негізгі нысанын келтіріңіз: 1)федерация, конфедерация 2) монархия, республика 3)демократия, аристократия 4) тоталитаризм, авторитаризм 3.С. мемлекетінде үкімет парламентке жауап береді, ол сайлау процесінің басым көпшілігін жеңіп алған партиялардың өкілдерінен қалыптасады. Ел президенті парламентпен сайланады. С. мемлекеттің үкіметтік нысаны қандай? 1)президенттік республика 2)конституциялық монархия 3)парламенттік республика 4) абсолюттік монархия Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.