Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер | Мектеп: | ||||||
Күні: Сынып: 10 |
| ||||||
Сабақ тақырыбы | Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациасын зерттеу | ||||||
Сабақ мақсаттары | қоғамның қоғамдық ұйымының тарихи нысандарын зерттеу
| ||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Түрлі халықтардағы этногенез үрдісінде орын алған ұқсастықтары туралы есеп жазу (жазылым) Этнотарихи сөздікті тексеру және бағалау (оқылым) | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу, бірін-бірі құрметтеу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, презентация | ||||||
Бастапқы білім | Дүние тарихынан 7.4C Ғылыми ойдың дамуы бөлімінен, Қазақстан тарихынан Қазақ халқының қалыптасуы бөлімінен: Англия, Франция, Италия, АҚШ және т.б. елдердегі ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы жөнінде; Ұлы географиялық ашулар, отарлау мен құл саудасы, жаһандану және оның этностар мен ұлттық мемлекеттердің қалыптасу үрдісіне әсер тигізуі туралы білімді құрайды. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | I. Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату. Оқытушы сабақ тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін жариялайды. | ||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | II. БЫМ Сызбамен жұмыс жасау.
III. (Т) Этностың белгілері келтірілген карточкалармен жұмыс жасау. Оқушы этностың маңызды белгілерін таңдап, өз таңдауына дәйектер келтіру. IV. (Т) Топта жұмысты ұйымдастыру. Әрбір топ сұрақтарға жауап беріп, жауаптарды сызба түрінде келтіріп, сыныппен талқылау жүргізу. 1-ші топ: «Отбасы адам мен мемлекетке қандай пайда әкеледі?» 2-ші топ: «Көршілік қауым қоғамға не береді?» 3-ші топ: «Неліктен тайпалар мен тайпалық одақтар қалыптасады?» V. Бейнебаянмен жұмыс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғамның стратификациясы Дескриптор:
VI. (Б) Интерпретация. Көршілік қауым рулық қауымға қарсы тұрды, себебі, ол қоғамдағы рулық құрылыстың ыдырауына ықпал еткен басты фактор болған. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. VII. (Д)(Ф) «Мен өз тарихи тамырларым туралы не білем?» тақырыбына шағын эссе жазу. Критерийлері:
| презентация https://www.youtube.com/watch?time_continue=128&v=pxFN4_89d1E презентация | |||||
Сабақтың соңы 3 минут Үйге тапсырма 2 минут | VIII. Сабақты қорытындылаңыз. Үй жұмысы: Барлық зерттелген материалды қайталаңыз | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
1 дерек
Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.
Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды JI. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және JI. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси қорытынды - жеке баска табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялык және мемлекеттік қызметтерге JI. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылык идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903- 1953) кұжатында маңызды міндет болып танылды. Одан әрі демократиялық қайта кұру үрдісі неғұрлым белсенді ете бастады. Алайда И. Сталинның өлімі ол кұрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жоқ. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып қойды, Сталиннің өзі сияқты адам қүкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, JI. Каганович т. б.) жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО- дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар болды. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.
2 дерек
1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.
Қоғамдық ойдағы екі бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы
Экономика | Қоғамдық өмір | Прогресшіл бастамалар |
демократияландыру үрдісі «Хрущевтік жылымың» енеркәсіпті қарқынды түрде дамытутың және тыңайған жерлерді игеру әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету әскери блоктар кұру, шағын соғыстар | | жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді репрессияға ұшыраған халықтар қүқығы қалпына келтірілмеді «жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды | | Сталиннің жеке басына табыну айыпталды 1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды |
Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі кәтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
1 дерек
Республиканың 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі.
Кеңес өкіметі мен КОКП ОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси құдалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, үлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең өзгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық белігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының ара сындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ үлты елдін 85%-ы еді. Бүл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктершің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
2 дерек
Соғыстан кейінгі жылдары өзгерістер қажет деген ойлар идеологиялық және жазалау сипатындағы бірқатар іс-шаралар арқылы әкімшілік жүйе тарапынан шебер басып жаншылды. 40 жылдардың ортасы мен 50 жылдардың басындағы рухани саланың үні өшірілгенімен, бірақ сағы сына қойған жоқ
1953-1954 жылдары келесі мәселелер жөнінде қалың көпшіліктің назарын аударған пікірталастар етек жайды:
социалистік қоғамдағы қайшылықтардың сипаты;
- жеке адам мен халықтың тарихтағы рөлі;
- басқарудың ұжымдылығы және т.б.
Мұның өзі жүріп өткен жолдарға сын көзбен қарауға мүмкіндік берді. Қоғамдық өмірді демократияландыру жолында қоғамды толғандырып келе жатқан сұрақтарға жауап іздестіріліп, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
Берияның қылмыстық қызметін тоқтату. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы КОКП қатарынан Сталиннің жақын үзеңгілестерінің бірі, саяси авантюрист-айлакер Л.П.Берияны шығарды.
1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК Пленумы Н.С.Хрущевті КОКП Бірінші хатшысы етіп сайлады. Елде демократияландыру бағыты басталды.
1956 жылы ақпанда КОКП XX съезі болып өтті. Демократияландыру идеясы съездің көптеген қондырғыларын анықтады. Жеке басқа табыну кезінде қалыптасқан көзқарастарды талқандауға алғашқы қадамдар жасалды. Мұндағы ең бастысы XX съездің Сталиннің жеке басына табынуды сынға алуы болды. КОКП Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің баяндамасында жеке басқа табынудың пайда болуы, оның теріс салдарлары айтылды.
Сталиннің жеке басына берген Лениндік бағалау съездің көптеген делегаттары үшін жаңалық болып табылды. Бүл хат партия тарихында «Лениннің өсиеті» ретінде белгілі болып, XX съезд делегаттарына таратылды.
Баяндамада И.В.Сталин, Н.Ежов, А.Берия жасаған көптеген зұлымдық деректер келтірілді. ІІХК (НКВД) істерді қалай бұрмалағандығы ашып көрсетілді. Кінәні дәлелдеудің бірден-бір әдісі айыпталушыны қинау арқылы «өзін-өзі» қылмыскер деп таныту болды. И.В.Сталиннің шектен тыс күдікшіл болуынан миллиондаған кеңес азаматтарының, КСРО-дан пана іздеген антифашист коммунистердің өлтірілуі айтылды. Алайда, әміршіл жүйенің сағы сындырылған жоқ. Хрущев жазалау шараларына өзінің де қатысы барлығы туралы мәселені қозғаған жоқ. Тіпті саналы түрде Молотов, Каганович, Ворошилов сияқты КОКП ОК Президиумының жаңа құрамын жауапкершіліктен алып шығып, оларды сенімді лениншілдер деп атады.
Съезд билік жүйесінің мұндай зұлымдықтарын халық алдында жарияламау туралы шешім қабылдады. КОКП ОК «Жеке басқа табыну және оның салдарлары туралы» қаулы қабылдап (1956ж 6 маусым), мұнда «Жеке басқа табынудан туған қателіктер кеңес құрылысының демократиялық сипатын терең өзгерте алмайды және өзгерте алған жоқ» деп көрсетілді. Н.С.Хрущевтің баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң «Известия ЦК КПСС» журналында жарық көрді (1989, №3). Алайда, баяндама мэтіні шетелде XX съезд өтісімен бір аптадан кейін-ақ кең тарап кеткен болатын.
Кінәсіз қамалған мыңдаған адамдарды, Я.Рудзутак, А.Быков, В.Чубарь сияқты кейбір көрнекі партия қайраткерлерін лагерлерден босата отырып, мемлекеттік аппарат соңынан бұл реформаларды жиыстырып қойды.
Қазан революциясының тарихы, азамат соғысының басталу көзі мен сипаты, ХХғ. 30 жылдарындағы аштық және шаруаларды қыру сияқты тарихтың қайғылы беттері туралы ешнәрсе айтылмады.
Соғыс кезінде мәжбүрлеп көшірілген шешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отанына қайтарылды. Кәріс, неміс, қырым татарлары мен түрік - месхеттердің құқықтары қалпына келтірілмеді.
КОКП ОК мен Кеңес үкіметі 1954-1956 жылдары Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мен орталықтандыру өзгерістерін жоюға бағытталған біртүтас кешенді іс-шаралар өткізді. Бірқатар актілер арқылы тәуелсіздік алуға жол берілмеді.
Саяси көзқарасы басқа адамдар қудаланды алайда, басқаша ойлауды бұрынғы әдістермен жазалау мүмкін болмады.
Сондықтан саяси айыптаулар едәуір «ашық» жүрді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке хат жазды. Хатты ол адам құқықтарының бұзылуы, ұлттық саясаттағы бұрмалаушылықтар, атап айтқанда, қазақ мектептерінің жабылуы туралы жазды. Қауіпсіздік комитеті және ШҚО Күршім аудандық партия комитеті қолданған тәрбиелік шаралардан соң, оны КОКП қатарынан шығарады. Соңынан бас имеген мұғалімді жүйке ауруханасына апарып тығады. Мұғалім аштық жариялаған кезде, оны зорлап зонд арқылы тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, елімізде 90 мыңнан аса «басқаша ойлайтындар» психиатрия арқылы жазалау шараларынан өткен.
50-жылдардың ортасындағы прогрессивтік бастамалардың ешқайсысы неге тиісті нәтиже берген жоқ?
Басты себептердің бірі - саясатта ғылыми болжам болмады. Н.С.Хрущевтан бастап басшылардың көпшілігінде саяси мәдениет деңгейі төмен болды.
STEEPLE анализ
S | әлеуметтік –демографиялық | |
T | технологиялық | |
E | экономикалық | |
E | қоршаған орта | |
P | саясат | |
L | құқықтық | |
E | этникалық |
STEEPLE анализ
S | әлеуметтік –демографиялық | |
T | технологиялық | |
E | экономикалық | |
E | қоршаған орта | |
P | саясат | |
L | құқықтық | |
E | этникалық |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.