1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: 4-бөлім Француз бұржуазиялықреволюциясы ның көрінісі | Мектеп: | ||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқаны: қатыспағаны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды? | ||||||
Тарихи концепт | өзгеріс пен сабақтастық. | ||||||
Оқу мақсаттары | 7.3.2.1. Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау 7.1.2.1. Буржуазияның экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне әсерін анықтау 7.1.1.1. Қоғамның әлеуметтік құрылымын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін «капитал», «буржуазия», «жұмысшы класс / пролетариат» ұғымдарын қолдануға | ||||||
Сабақ мақсаты |
Революция барысында буржуазияның рөлі туралы қорытынды жасау | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік дағдылар | Пәнге қатысты лексика мен терминология Революция, Конституция, республика, Ұлттық жиналыс, Бастилия, Бас штаттар, аристократия,буржуазия, шаруалар, якобиндіктер, революциялық террор, гильотина, Директория, мемлекеттік төңкеріс, Альпі таулары, Романтизм, Бірінші консул, Экспансия Пайдалы тіркестер: Давид …осы суретпен… сипаттағысы келді ...көмегімен жүзеге асыра алды. Менің ойымша, Давидтің өмір сүру кезеңіндегі ең басты оқиға … Менің ойымша, солай болудың себебі… Деректерге сүйене отырып, Наполеон империясының түбегейлі құлауына…әсер етті Оқиғалардың маңыздылығы бойынша тарихшылар түрлі ойлар білдіреді, себебі… Менің пікірімше, Наполеон жетістіктерінің себебі… Менің ойымша, Наполоен үшін осы кезеңде ең маңызды оқиға… болды Менің ойымша, солай болудың себебі … | ||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар
| Жаһандық азаматтық, ашықтық, академиялық адалдық, ынтымақтастық. Құндылықтарды дамыту 19-шы ғасырдағы суретшілердің ұстанымын түсіну арқылы жүзеге асады, топтық жұмыс кезінде өзара қарым-қатынас атмосферасын құру, оқушылардың пікірін ашық айтудың мүмкіндіктері | ||||||
Пәнаралық байланыс | Саясаттану | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Бұл бөлімде оқушылар абсолютизм сияқты мемлекеттік басқарудың түрлі формаларын, сонымен қатар «революция» сияқты маңызды терминдерді зерделеген кезде 6-сыныпқа арналған дүниежүзі тарихы курсының біліміне негізделген. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-7 минут | Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңдері. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. «Туған күні» ойынымен топтарға бөлінеді (оқушылар санының өсуіне қарай сапқа тұрады) әрі қарай үш топқа бөлінеді. Слайд 1-5 (У) Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Үш тапсырманы орындаған кезде мұғалім түрлі түсті қағазды топтарға таратады (әр топта бір түсті қағаз) A4 өлшемі қызыл, ақ, көк. Топтарда талқылаған жауаптары өздерінің қағаздарында жазылған. | ||||||
Сабақтың ортасы 8-35 мин | Слайд 6,7 № 1 тапсырма топтық жұмыс (1мин) Мұғалім №1 үлестірме материал таратады. (У) Әлеуметтік топтарды дұрыс тәртіпте таратыңыз. Бір минутта топтар әлеуметтік топтарды деңгейі бойынша жабыстырады. Аяқталған тапсырмалар топтарында қалады. Слайд 7 1-2 мин. Келесі тапсырма (сыни ойлауға арналған тапсырма) Мұғалім сурет көрсетеді, сұрақ қояды: Карикатура нені бейнелейді? (Жасырын дифференциация, бағалауға жеке қарау, формативті бағалау) Мұғалім тыңдау арқылы оқушылардың білімін анықтайды. Слайд 8 Әрі қарай мұғалім өзі карикатураны түсіндіреді. Суретте 3 деңгейдегі - шаруа бейнеленген, ал оның арқасында 1 және 2 деңгейдің өкілдері орналасқан. Екінші тапсырмаға ораламыз. (бірін-бірі бағалау) Сағаттың тілімен топтар тапсырманы орындаған беттерді келесі топка береді, олар дұрыс-дұрыс (+ -) емес деген белгі қояды. Мұғалім оқушыларды тапсырмамен және дескрипторларымен таныстырады. Слайд 9 №2 тапсырма топтық жұмыс 5 мин өз жұмысын қорғауға 2 мин (жасырын дифференциация) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, Француз революциясының 5-6 себебін анықтаңыз, ең маңызды 2 себебін ерекше бөліп алыңыз (өз таңдауыңызды дәлелдеңіз). Дескрипторлар
Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс беріп отырады Слайд 10 №3 тапсырма жұптық жұмыс 3 мин. Революцияның жақтаушыларымен (3) қарсыластарын (3) атаңыз. Өз таңдауыңызды дәлелдеңіз. Тапсырманың критерийлері Тапсырмаларды орындау уақытын сақтану; Топтың командалық жұмысының тиімділігі; Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс беріп отырады (Кері байланыс беруді және оқушыларды қолдауды ұмытпаймыз!) Слайд 11 №4 тапсырма жеке жұмыс 3 мин. Дәптерлеріңізге революцияның (3-6) нәтижесін жазып алыңыз Дескрипторлар 1.Мәтінде Француз революциясының 5-6 себебін анықтайды 2.Маңызды 2 себепті анықтайды 3.Өз таңдауының дәлелін келтіреді. Әрі қарай мұғалім топтарға өз постерлерін ретіне қарай орналастыруын ұсынады және әр топқа сұрақ қояды: Слайд 12 Сізге осы ретпен берілген түстер таныс па? Осы 3 колор сізге нені есіңізге түсіреді? Қызық болу үшін әр топқа ойлануға 1 мин. уақыт беріп жауабын тыңдаңыз. Слайд 13 Француз республикасының жалауын көрсетіңіз. Слайд 14 Әрі қарай мұғалім Бонапартпен таныстырады. | http://propagandahistory.ru Карикатура «Әлем тарихы» оқулығы 8 сынып «Мектеп» баспасы 2012 ж. 43-46 бет. | |||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия (қаламыңызды немесе қарындашыңызды микрофон ретінде пайдаланып сыныптасыңызды бағалаңыз) «Микрофон» Сыныптасыңызды 1 мен 5 аралығындағы ауқыммен бағалаңыз және өз бағаңызды дәлелдеп беріңіз | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, әртүрлі ресурстардың түрлерін таңдауда саралау (Гарднер бойынша түрлі интеллектілер теориясы); тапсырмаларды таңдауда - суреттермен, мәтіндермен жұмыс жасағанда, тұжырымдарды қалыптастырғанда. Сабақтың барлық сатыларында педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары ұсынылады | Сабақтың барлық тапсырмалары дескрипторлар арқылы бағаланады. Бағалаудың әр түрлі формалары пайдаланылады: өзін-өзі бағалау, жұп жұмысын өзара бағалау, топтардың жұмысын өзара бағалау, мұғалімнен ауызша кері байланыс. | Оқушылар топта және жұппен жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру