Курсқа кіріспе. XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

1-бөлім. Жаңа заманның басталуы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Курсқа кіріспе.

XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды?

Оқу мақсаттары

7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану;

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау

 Сабақ мақсаты

Өндірістік революцияның Англия және бүкіл әлемге тигізген әсерін білу

 Бағалау

 критерийлері

  • «жаңа дәуір» түсінігін пайдалана отырып, дүниежүзі тарихында орын алған жаңа кезеңнің сипаттамасын береді;
  • Батыс Еуропадағы буржуазиялық революцияның себептерін атайды;
  • «капитал», «буржуазия», «жұмысшы тап» (пролетариат) сөздерін түсіндіру барысында қолданады;
  • Экономикалық және саяси жүйедегі өзгерістерді анықтайды

 Тілдік дағдылар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

өнеркәсіптік революция, буржуазиялық революция,фабрикалық жүйе, шойын, паровоз, тоқыма фабрикасы, жіп иіретін фабрика, жіп иіретін машина, тоқыма білдегі, механикалық ұршығы, бу қозғалтқышы, пароход, темір жолдар, домна пеш, табыс, капитал

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Сурет ... бейнелейді

Осыдан келесі қорытынды жасай аламын

Менің ойымша, ең маңызды жаңалық/өнертабыс/жетістік келесі…, себебі…

Жақсаруына/нашарлануына әсер етті…

 Сабақта қамтылатын

 құндылықтар

 

 

Өткенге құрметпен қарау, топтық жұмыста қарым-қатынас, академиялық шыншылдық

 Пәнаралық байланыс

Экономика, қазақ тілі, сурет сабақтарымен байланысы көрініс табады

Осыған дейін меңгерілген білім

Өндірістік революцияның басталуы мен техникалық жаңалықтармен байланысты сабақ

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығы

Презентация

Сабақтың ортасы

4 минут

5 минут

10 минут

7 минут

5 минут

5 минут

II. Мәтінмен жұмыс. "Жаңа дәуірге" кіріспе."Уақыт сызығы" әдісі бойынша дүние жүзі тарихының жаңа дәуіріне сипаттама беріңіздер.

Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

III. Король Карл I-нің жазаланғанын суреттейтін слайдты көрсету.

Мұғалім сұрақтары:

1. Суретте қандай оқиға бейнеленген?

2. Оқиғаға бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

(Оқушылар оқиғаға бойынша сұрақтар құрастырып, өзара талқылап, жауаптарын көрсетеді)

IV. Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жаздыру.

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

 V. Мәтінмен жұмыс.

Экономикалық себептері

 Саяси себептері

Әлеуметтік себептері

Діни себептері

Оқушылар революция себептерін анықтап, керекті мәліметтерді алып зерттеулер жүргізу.

Оқушыларға қысқа да нұсқа бір сөйлеммен жауап беру керектігі айтылады. Тақтадағы таблицаны дұрыс толтыру керектігі түсіндіріледі.

Дескриптор:

оқушы

  • Экономикалық себебін біледі
  • саяси себебін біледі
  • әлеуметтік себебін біледі
  • діни себебін біледі
  • себептерінің маңыздылығы жағынан дәрежесін анықтайды

VI. Бейнебаянмен жұмыс

Бейнебаянды көре отырып, оқушылар ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі оқиғаларын дәптерлеріне жазып отырады.

1642 ж. революцияның басы

1642-1649-азаматтық соғыс

30 января 1649 Карла Стюарттың жазалануы

16 мая 1649 Республиканың аталуы

1649-1660- Англиядағы республика

1688-Англиядағы даңқты революция

VII. Жаңа терминдермен жұмыс:

буржуазия, буржуазиялық революция, капитал, пролетариат, жұмысшы тап

Тапсырма: анықтама және суретпен терминді байланыстырыңыз.

Өзара бағалау мен кері байланыс

Дескриптор:

оқушы

  • терминнің мағынасын біледі және суретпен байланыстырады.

VIII. «Блум» бойынша дифференциация

оқушылар:

Критерий бойынша сұрақтар құрастырады

Дескриптор:

оқушы

критерий маңыздылығы бойынша сұрақтар құрастырады

Презентация Қосымша 1

Ауызша жұмыс

Қосымша 2

http://yspu.org/hreader/5/

Ағылшын революциясы

http://www.youtube.com/watch?v=CO3dcQKtWvc

Презентация

Сабақтың соңы

2 мин

  • Рефлексия. Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы. «мануфактура», «фабрика», «өндірістік революция», пролетариат, буржуазия, капитализм туралы түсінік беру

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылардың жұптық жұмыста бір біріне қолдау жасауы

Келесі оқу мақсаттары бойынша фоомативтік бағалау

7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану;

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау

Видео көрсету барысында техника қауіпсіздігін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.