Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 8 СЫНЫП, 4.3 САБАҒЫ

III бөлім: Ағартушылық идеяларының таралуы

Сабақтың тақырыбы: Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты?

Оқу мақсаттары:

7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау;

7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау Тарихи концепт: себеп пен салдар

Дифференциалданған тапсырмалар

 1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін

 

 «Ағартушылар және олардың идеялары» атты кестесінің мазмұнын қарастырып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.

Ағартушы

лар

Елі

Өмір сүрген жылдары

Қызмет саласы

Көзқарастары

Джон Локк

Шарль Монтескье

Томас Гоббс

Англия

Франция

1632-1704

1689-1755

Философия

Егер халыққа билік берілсе, онда халық үкіметте қарсы көтеріліс жасап, билікті алып тастауға құқылы

Дени Дидро

Франция

1713-1784

Алғашқы энциклопедияның басты авторларының бірі (1751 – 1780 жж.)

Дін емес, ағарту және ғылым адамның барлық әрекеттерінің негізі болуы керек.

Жан Жак Руссо

Франция

1712-1778

Жазушы

Болашақ теңдік принципіне негізделіп, мүліктің тең бөлінуіне байланысты болуы керек

И. Гердер

И.Ф. Шиллер

И.В. Гёте

Германия

Жазушылар, ақындар

Олар халықты рухани құндылықтардың бірегей қалыптастырушысы әрі сақтаушысы деп санаған

Вольтер (Мари Франсуа Аруэ)

Франция

1694-1778

Философ, жазушы

Католиктік дінінің қызметшілеріне және шіркеулік салт-жораларға сыни көзқарас білдірді

Иммануил Кант

Германия

1724-1804

Философ

Адам әр нәрсені істеуі мүмкін емес, оның ақыл-ойы шектеулі, бірақ ол «Түсінуге батыл бол!» деп ұран тастады

Исаак Ньютон

Англия

1643-1727

Математик

Табиғат қарапайым және оны зерттеуге болады, мұның өзінде де Жаратушының мықтылығы көрінеді

Пьер Лаплас

Франция

1749-1827

Математик, астроном

Күн жүйесінің қалыптасу динамикасын анықтады

Поль Гольбах

Жюльер Ламетри

Клод Гельвеций

Философтар

Жанның өлместігін, Құдай әлемді құрғандығын және арғы жақтағы күштердің бар екендігін жоққа шығарды

Жак Тюрго

Франция

1727-1781

Философ

Қоғамның дамуы экономиканың, ғылым мен технологияның дамуымен байланысты деп есептеді

Жан Антуан Кондорсе

Франция

1743-1794

Философ

Өзін-өзі жетілдіруде адамның мүмкіндіктері шексіз деп есептеді

Жан Мелье

Франция

1664-1729

Тарихшы

Əділ қоғам - бұл əр адамның теңдігі жəне меншікке ортақтастығы.

Габриель Бонно де Мабли

Франция

1709-1785

Тарихшы, саяси қызметкер

Мүліктік құқық барлығына қолжетімді болу керек деп есептеді, байлыққа қарсы болды

Адам Смит

Шотландия

1723-1790

Экономист және философ

Ол еркін бәсекелестік пен сауданы қорғауға шақырды, жеке табыс қоғам үшін өте пайдалы, ал мемлекет кедейлерге қамқорлық көрсетуі керек

  •  Кестенің мазмұнын қолданып, қажетті сөздерді және даталарды жазыңыз:

 Ағартушылық дәуірі еуропалық тарихта ____ ғасырдың екінші жартысында басталып және ____ ғасырдың соңында аяқталған кезең.

 Ағартушылық идеяларының негізін қалаушысы - ағылшын философы _________________, ол азаматтық қоғам идеясын және заңның үстемдігін алғашқы болып айқындады. Дж.Локктын пайымдауынша, адамдар өз еріктерімен мемлекеттің құрылуына негізделген, оларды қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік келісім шартты жасауға міндетті деп есептеді. ________________ келісімнің тұжырымдамасы ағылшын ағартушылары жетекшілері әзірлеген қоғам теориясының негізі болып табылады.

 Бұл қозғалыс ___________ бастап ____________ дейін таралды, ____________ және басқа еуропалық елдерді де қамтыды. XVIII ғасырда білім беру, ағартушылық қозғалыстың орталығы ____________ болады.

 Ағартушылар ________________ тәртіптеріне қарсы және мемлекеттің, қоғамның өміріне _________ ықпалына қарсы болды. Олар __________ заңдарын білуді __________, ағарту іспен айналысуға шақырды. Ағартушылық идеялары Еуропадағы ____________ және ______________ Америкадағы революцияларының негізі болды.

 

  •  Сіз қалай ойлайсыңдар, жаңа тарих кезеңінде қандай адамдарды ағартушылар деп атаған?

 

 _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 3) Сіздің ойыңызша, жаңа кезеңде халықтың қандай сатылары ағартушылықтардың идеялары мен ғылыми туындыларын қуанышпен қарсы алды? Неліктен?

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін

 

Викторина «Кім жақсы біледі?»

  • Ағартушылардың идеяларына қандай әлеуметтік салаларына әсер етті? (қоғамның барлық салаларына).
  • Ағартушылардың идеяларының сипаты қандай болды? (саяси сипатта).
  • Джон Локктің және Монтескьенің идеяларының ұқсастығы неде? (биліктің бөліну теориясымен ұқсас).
  • Жан-Жак Руссо адамзаттың барлық қайғы-қасіретінің себебі неде деп түсіндірді? (жеке меншіктің пайда болуымен).
  • Неліктен ағартушылар ақылдылық заңдарына сәйкес әлемді қайта құруға тырысты? (ағартушылар қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарсы шығып, оларға мінсіз қоғам үлгісін - «Ақыл-парасат патшалығын» қарсы қойды).
  • Неліктен ағартушылар білім беру саласынна соншалықты мән берді? (Олар қоғамның барлық келеңсіздік жағдаларын сауатсыздықтың нәтижесі деп санады, олар қоғамға білімді азаматтар қажет деп есептеді).
  • Сендер ағартушылардың қай көзқарастарының орындалулары мүмкін емес деп ойлайсыңдар? (Адамдардың теңдігін қамтамасыз ету мүмкін емес, себебі адамдар әр түрлі, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктері де әр түрлі болып табылады).
  • Сендер ағартушылардың қандай идеяларымен толығымен келісесіңдер?
  • Біздің еліміз үшін бүгінгі таңда ағартушылардың қандай идеялары өзекті деп ойлайсыңдар? (құқықтың мемлекетті құру, барлық азаматтардың заң үстемдігін құрметтеуі).
  • Осы сұрақтардың жауаптарының негізінде ағартушылар мен олардың қызметі туралы қандай қорытынды жасай аласыңдар?

№9ұраққа жауабы:

 Ағартушылық идеялар қоғамдық өмірдің барлық салаларына: экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани жағынан әсер етті. Олар саяси сипатта болды, өйткені олардың негізгі мазмұны – қоғамда қалыптасқан тәртіптің сынау және оған қарсы «Ақыл-парасат патшалығы» деп аталатын мінсіз қоғамның үлгісін қойды.

 Ағартушылар заңсыздық пен билікті асыра пайдаланумен, діни фанатизмге және төзімсіздікке қарсы күресті, ағартушылықтың дамуы қоғамды өзгертіп, зұлымдықты жояды деп санады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу