Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

- феодализм мен оның белгілерін білу;

- қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;

- орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

Феодализмге сипаттама береді.

Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болу үрдісін сипаттап, картамен жұмсы жасай алады.

Орта ғасырлардағы еңбекті цехтық ұйымдастырудың мәнін түсіндіреді.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

дәлел

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Оқушылар феодализмнің басты ұғымдарының түсінігін көрсету үшін терминдерді қолдана алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Экономика, феод, феодал, феодалдық бытыраңқылық, натуралды шаруашылық, феодалдық міндеткерліктер, барщина, алым, жеке және жерге тәуелділік, жәрмеңкелер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Феодализм … қалыптасты.

Қожайын мен шаруа ... болды.

... азық-түлік пен заттар өндірілген кезде қалдықтар пайда болады.

Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі … байланысты болды.

Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері ... болып табылады.

Қолөнер цехы ... қамтыды.

Қолөнершілер цехтарға бірікті, себебі ...

Жарғылар … қамтамасыз етті.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

экономика (экономикалық терминдер, өндірістік қатынастар).

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Рим империясының ыдырау себептерін біледі, құлиеленушілік қоғамдық құрылыстың ыдырауы мен оның орнына феодалдық қоғамның орнағаны туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

«Миға шабуыл»

тақырып, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

(3 мин)

БЫМ Ұйымдастыру кезеңі

«Миға шабуыл»

Оқушыларға келесі сұрақтар топтамасы қойылады:

- Рим империясының құлдырауына не себеп болды?

-Неліктен герман тайпалары Рим империясына баса көктеп кірді?

- герман тайпаларының Рим империясына шабуылының зардаптары қандай?

-құлдардың жағдайы қаншалықты өзгерді?

-бұл оқиға әлем тарихында қандай түбегейлі өзгерістерге әкелді?

Сұрақтарға жауап аяқталғаннан кейін, мұғалім оқушыларға Рим империясы ыдырағаннан кейін құлиеленушілік қоғамның орнына феодалдық қоғамдық қатынастардың орнай бастағанын айтуы керек. Оқушылар сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.

Тақырып, мақсаттар және бағалау критерийлері берілген слайд 1

Слайд 4-5

Негізгі ұғымдармен жұмыс

(5 мин)

Жұптық жұмыс

(5 мин)

Топтық жұмыс

(7 мин)

Оқушылардың назарына негізгі ұғымдар мен олардың анықтамалары бар карточкалар ұсынылады.

Экономика, феод, барщина, оброк, феодалдық міндеткерліктер. Мұғалім оқушыларға негізгі ұғымдар бойынша түсіндірме беріп кетеді. (Қосымша1)

Тапсырма: мәтінді оқып, феодалдық міндеткерліктің түрін анықтаңыз:

«Шаруа Видрадта толық жер телімі бар. Ол жерді пайдаланғаны үшін феодалға бір шошқа, үш тауық, 18 жұмыртқа төлейді; нан пісіріп, сыра қайнатады. Жыл бойы ол феодалдың жер телімін өңдейді, оған астық егеді, жинайды. Оның әйелі зығыр киім тігуі керек керек» (Қосымша 2)

Дескриптор:

  • Оқушы феодалдық міндеткерліктерді дұрыс жіктейді.

Жалпы сыныптық талқылау өткізуңіз. Өзара бағалау түрін қолданыңыз.

Оқушылар ақпаратпен жұмыс жасайды. Феодализмнің белгілері туралы оқулықтан немесе алдын-ала дайындалған мәтінмен танысып, феодалдық белгілерді анықтайды.

Дескриптор:

-оқушылар феодализмнің бес белгісін дұрыс анықтайды.

Содан кейін барлық сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз және жауап үлгісін қолдана отырып, оқушыларға өзін-өзі тексеруге мүмкіндік беріңіз.

(Қосымша 3)

Феодализм туралы суреттер

http://900igr.net/up/datai/229866/0015-010-.jpg

Ортағасырлық миниатюра

http://latin-history.limarevvn.ru/124-5.jpg

Қосымша 1. Жаңа терминдер

Қосымша 2. Қосымша 1. Жаңа ұғымдар

Қосымша 2. Оқушыларға орындауға арналған кесте. Феодалдық міндеткерлікті анықтау.

Қосымша 3. Феодализмнің белгілері

Кесте және карточкалармен жұмыс

(7 мин)

Оқушылар қолөнер мен ауыл шаруашылығының жетістіктерін анықтауға арналған таратпа карточкалар ұсынылады. Оқушылар шаруашылық түрлерін жіктеуге тапсырма беріледі. (ауыл шаруашылығы мен қолөнер) (Қосымша 4)

Дескрипторлар: Оқушылар ұсынылған шаруашылық жетістіктерін дұрыс жіктейді.

Оқушылар өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады.

Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушыларға сұрақтарды талқылауды ұсыну:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктер қалай өзара байланысты болды?
  • Неліктен қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну мүмкіндігі пайда болды?

Орта ғасырлардағы еңбек түрлерінің сипаттамасы берілген карточкалар

Қосымша 4. Оқушыларға толтыруға арналған кесте. Қолөнер мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктер туралы ақпарат берілген карточкалар

жұптық жұмыс

(7 мин)

Мұғалім оқушыларға ортағасырлық қалалардың пайда болуының себептерін түсіндіріп кетеді. (Қосымша 5)

Жұптық жұмыс түрі ұйымдастырылады. Олар карточкалармен танысып, Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін түсінуі қажет.

Оқушыларға тапсырма:

  • Карточкалардағы ақпаратпен танысыңыз.
  • «Еуропа (ХІ-XIV ғғ) қалаларының өсуіндегі, қолөнер мен сауданың дамуы» атты картадан «бург» (нем.) - қамал «хафен» (нем.) - айлақ, «честер» (лат.) - лагерь, «фурт» (нем.) – аяқ өткел, «бридж» (ағылш.) - көпір қалалардың атауы аяқталатын қаланы табыңдар.

Дескрипторлар:

-оқушылар қалалардың пайда болуының кем дегенде 2 себебін дұрыс анықтайды.

-оқушылар картадан кем дегенде 3 қаланы дұрыс табады.

Үлгі бойынша өзара тексеру:

Қосымша 5. Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері мен «Еуропа (ХІ-XIV ғғ) қалаларының өсуіндегі, қолөнер мен сауданың дамуы» атты карта.

Қолөнер өндірісімен танысу

(6 мин)

Қалалардағы қолөнершілер цехтарға біріккенін оқушыларға айтыңыз. «Қолөнер шеберханасы» терминін оқушыларға түсіндіріңіз. Натуралды шаруашылыққа қарағанда қолөнер пайда табуға бағытталғанын, яғни бұйымдар сату үшін жасалғанын түсіндіріңіз. (Қосымша 6)

Қолөнер шеберханасы – бұл шеберге тиесілі, сатуға бұйым шығарылатын, қол еңбегі пайдаланылатын шағын кәсіпорын.

Қолөнершілердің цехтарға бірігу себептерін, цехтың құрылымын және Жарғылардың құрастырылу мақсаттарын анықтау мақсатында жұпта немесе топта жұмысты ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға тапсырма:

  • Берілген теорияны – цех туралы ақпарат бар таратпа материалды мұқият оқыңыз
  • «Қолөнер цехы» сызбасын құрастырыңыз.

Дескрипторлар: Оқушы:

- қолөнершілердің цехтарға бірігуінің кем дегенде 2 себебін белгілейді;

-қолөнер цехының құрылымын анықтайды;

- Жарғының құрастырылуының кем дегенде 2 мақсатын анықтайды.

Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушыларға негізгі мәселелерді талқылап, өз жұмысын бағалауды ұсыныңыз.

Қосымша 6.

Сызба «Қолөнер цехы»

Қолөнер цехының сипаттамасы берілген мәтін үлгісі

http://hist-world.com/istoriya-srednikh-vekov-v-xvii/98-remeslo-v-srednevekovom-gorode-14-15-vv.html

Рефлексия және үй тапсырмасы

(5 мин)

«Сэндвич» әдісін қолданып, сабақ қорытындысын жасаңыз. Оқушыларға «сэндвич» бейнеленген, оның әр қабатында келесі сөздер жазылған суретті көрсетіңіз: Бөлшек 1, Бөлшек 2, Бөлшек 3, Бөлшек 4. Оқушыларға жұпта олар сабақта танысқан, өндірістің феодалдық тәсілінің ең айқын 4 белгісін талқылауды ұсыныңыз.

Үй жұмысы: «Ортағасырлық шаруа өміріндегі бір күн» тақырыбында эссе жазыңыз (50-70 сөз).

«Сэндвич» рефлексиясын жүргізуге арналған үлгі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.