Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.22.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру; 6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап, себептерін талдау. | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| Ұқсастық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары» Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ... Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ... Ең маңызды фактор ... болды Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ... Бәрінен айрылғандар мына адамдар ... Сұрақтар-мысалы: Неліктен сіз қостыңыз ...? Неліктен сіз алып тастадыңыз...? Қорғау-мысалы:Мен мұны қостым, өйткені... Мен мұны алып тастадым, өйткені.. Өңдеу – мысалы:Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді... Пайымдау-мысалы Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені... | ||
Құндылықтарды дарыту
| - патриотизм; - өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту; -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Ұлы географиялық ашулар) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады. | ||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | БЫМ/Б Ашық жерге бормен Мин әулетінің қазынасы артылған кеменің (қазіргі қытайлардың өлшемімен ұзындығы 146 метрге дейін) сызбасын сыздырту. Христофор Колумбтың «Санта Мария» кемесіне ұқсатып тағы бір кеменің суретін салдырту. (кейбір мәліметтер бойынша ұзындығы 18 метрдей). Б Оқушыларға әртүрлі кемелердің өлшемдерін бейнелейтін суреттерді ресурстар тізімінен көрсету. Осы кемелердің бірі Үнді мұхитымен сапар шеккен Юнлэ императордың билігі тұсындағы (1402-1424 ж.ж.) Мин әулетінің қазынасы артылған кеме, екіншісі 1492 жылы Христофор Колумбтың Солтүстік Америкаға жүзіп барған кемесі екендігін түсіндіру. Бүкіл сыныппен суреттерді талқылау. Қ Қалыптастырушы бағалауды қолдайтын іс-әрекет: Ауызша салыстыру. | Презентация | ||||||||
Сабақтың ортасы Бүкілсыныптық жұмыс түрі 5-8 мин
Жұптық жұмыс түрі 8-18 мин Жұптық жұмыс түрі 18-28 мин Топтық жұмыс түрі 28-37 мин | Б) Үнді мұхиты және Азияның жағалауларымен саяхат жасаған Чжен Хенің саяхаты бейнеленген картаны көрсетіп, түсіндірме жасаңыз. Қытай саяхатшысы Чжен Хе туралы бейнематериал көрсету. Ж. №1тапсырма. Берілген мәтін мен бейнематериалға сүйеніп, төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттарды талда. 1. Не себепті қытайлықтарға шетелге саяхат жасау ұнайды? 2. Не себепті «қытайлықтар әлемді жаулап алуға ұмтылды»?. 3.Қытайлықтардың саяхаттарды жасауға шешім қабылдауының және бас тартуының себептері неде және салдары қандай? Дескрипторлар:
Қытайлықтардың саяхаттарды жасауға шешім қабылдауының және бас тартуының себептер тізімін дайындап, «Органайзер» кестеде орындату. Себеп салдарлы байланыс: себеп пен оның әсері арасындағы қарым қатынас. Себептерді ішкі-сыртқы факторлар туындатады. Тарихта іс-әрекетті, оқиғаны, құбылысты немесе жағдайды туындататын себептер болады. Себептердің әсер етуіне байланысты тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Салдар бір іс-әрекет, құбылыс немесе жағдайдың нәтижесі немесе зардаптары болып табылады. Салдарлар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді Ж. №2 тапсырма. Берілген себептер тізімі мен мәтінді қолданып, «Органайзер» кестесінде тікелей және жанама себептерді және жағымды, жағымсыз салдарларды маңыздылығына қарай реттілікпен орналастырындар. Дескрипторлар:
Т. №3 тапсырма. Оқушылар мәтінді оқып, қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарын Венн диаграммасында салыстырады. Салыстыру критерийлері:
Бағалау критерийлері:
Дескрипторлар:
| Презентация Бейнематериал: https://www.youtube.com/watch?v=FBxzOk4_5p8 Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? /2 сөйлеммен қорытынды ой түйінде./ Рефлексия: Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты)
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.