Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 5 (2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

- феодализм мен оның белгілерін білу;

- қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;

- орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

-Феодализмге сипаттама береді;

- Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін ажыра алады;

- феодалдық экономиканы сипаттауда жаңа ұғымдарды қолдана алады;

-мәтіннен қажетті ақпаратты ала алады;

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

дәлел

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Оқушылар феодализмнің басты ұғымдарының түсінігін көрсету үшін терминдерді қолдана алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Экономика, феод, феодал, феодалдық бытыраңқылық, натуралды шаруашылық, феодалдық міндеткерліктер, барщина, алым, жеке және жерге тәуелділік, жәрмеңкелер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Феодализм … қалыптасты.

Қожайын мен шаруа ... болды.

... азық-түлік пен заттар өндірілген кезде қалдықтар пайда болады.

Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі … байланысты болды.

Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері ... болып табылады.

Қолөнер цехы ... қамтыды.

Қолөнершілер цехтарға бірікті, себебі ...

Жарғылар … қамтамасыз етті.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

экономика (экономикалық терминдер, өндірістік қатынастар).

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Рим империясының ыдырау себептерін біледі, құлиеленушілік қоғамдық құрылыстың ыдырауы мен оның орнына феодалдық қоғамның орнағаны туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

1. Сәлемдесу

2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

(3 мин)

БЫМ/С Мұғалім оқушыларды көз алдына экономикалық ұғымдарын, соның ішінде қалдықтарды елестетуді сұрайды.

-ауыл шаруашылық қалдықтарды қалай түсінесіз?

-ауыл шаруашылық қалдықтар немен байланысты болуы мүмкін?

Ауыл шаруашылығы қалдықтарын, еңбекті және билік пен жерді бақылауды қамтамасыз ету ретінде, феодализмнің қалай қызмет атқарғанын түсіну үшін, басты экономикалық ұғымдарды (мысалы, қалдықтар) түсіндіру.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Феодализм ұғымын және оның ерекшеліктерін қарастыру.
  • Феодалдық қоғам кезіндегі экономиканың ерекшеліктерін анықтау.

Қалалардың пайда болу себептерін анықтап, помесатье мен ортағасырлық қалаларды салыстыру бойынша талқылау жүргізу.

Презентация

Тақырып, мақсаттар және бағалау критерийлері берілген слайд 1

Жалпысыныптық талқылау

(10 мин)

М мұғалім келесі сұрақтар бойынша фронталды сұрау ұйымдастырады:

  • 10-13 ғғ. Еуропада халықтың басым көпшілігі қайда тұрды? (ауылда немесе қалада)
  • Ауылда кімдер тұрды?
  • Шаруалардың негізгі кәсібі қандай?
  • Ауылда өмір сүру үшін қандай жұмыс түрлерін меңгеру керек болды? (кем дегенде 7 жұмыс түрі)

Мұғалім презентация мен сілтемеге сүйене отырып, шаруалардың міндеткерліктерін, оброк, барщина, натуралды шаруашылық, феодалдық бытыраңқылық, феод, феодализм, феодалдық саты ұғымдарын түсіндіреді.

Тәуелді шаруалар және шаруалардың міндеткерліктері:

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/8edf2b58-c06a-4571-a654-278908620b04/%5bIS6SV_4-13%5d_%5bMP_02%5d.swf

Презентация

Топтық жүмыс

Комикстер мен карикатура жасау

(10 мин)

Т жаңа ұғымдарды бекіту мақсатында, мұғалім оқушыларға «феодалдық қоғаның басты ерекшеліктері» атты мәтінді таратады (Қосымша 1), А4 форматтағы қағаз, маркерлер.

Тапсырма: феодализмге қатысты басты ұғымдарды сипаттайтын комикстер немесе карикатураларды салу.

Бағалау критерийлері:

- мәтіннен қажетті ақпаратты алу;

- графикалық түрде жаңа ұғымдарды көрсету;

- феодалдық экономиканы сипаттауда жаңа ұғымдарды қолдану;

Топтар жұмыстарын қорғады. Топтарды бағалау өзара бағалау түрі – үш шапалақ арқылы жүзеге асырылады. (1- толықтыруды қажет етеді, 2 – жақсы жұмыс, 3 – өте жақсы жұмыс)

Қосымша 1

Мұғалімнің түсіндіруі

(2 мин)

С Оқушылардың назарына поместье мен ортағасырлық қаланың суреттері ұсынылады. Суреттер бойынша жалпысыныптық талқылау жүргізіп, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Презентация

Карточкамен жұмыс

(7 мин)

Т/Ж Мұғалім оқушыларға қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері бар карточкалар беріп, топтастыруды сұрайды (Қосымша 2). Келесі ерекшеліктер бойынша:

-шаруашылық түрі;

-ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері;

Бағалау критерийлері:

-карточкаларды таңдау себебін түсіндіру;

-таңдалған себептердің арасындағы байланысты көрсету;

-таңдауды дәлелдеу;

Т Оқушылармен бірге келесі сұрақтар төңірегінде ойланып, талқылау:

- Ауыл шаруашылық пен қолөнердегі өзгерістер ортағасырлық қалалардың пайда болуына қалайша әсер етті?

-Неліктен қалалар бой көтере бастады?

-Қалалар қайда құрыла бастады?

-Қала тұрғындағы қандай кәсіппен айналысты?

М Мұғалім презентацияға сүйене отыра, цех, қолөнерші, қолөнер шеберханасы ұғымдарын түсіндіреді.

Қосымша 2

Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері карточкалары

Тарихи лото

(4 мин)

Т Мұғалім «тарихи лото» ойынды өткізеді (Қосымша 3). Оқушылардың мақсаты: ұғымдар мен олардың анықтамаларын сәйкестендіру.

Қосымша 3

Тарихи лотоға арналған карточкалар

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

(5 мин)

Зерттеу сұрақты талқылау «Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? »

Үй тапсырмасы: цехтың елтаңбасы мен жарлығын жазу.

Мысалы, «Мен, Иоганн Тойнбург, Кельн қаласының тұрғынымын, мен қару-жарақ шеберімін, оны тақтайшадан көруге болады. Онда қылыш пен қасқыр бейнеленген. Бұл қалада үздік шеберді таба алмайсыз. Егер сізге алдағы соғысқа қару-жарақ қажет болса, қару жасаушылар көшесіндегі менің шеберханама келіңіз және сіз оны осы тақтайша бойынша табасыз».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.