Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Тағам және сусын Күні: 17.04.17 Сынып: 1В | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысады; Олардың қайдан келетінін анықтайды |
Бағалау критерийлері | Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды. Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды |
Тілдік мақсаттар | өндіріс – производство – production өнім – продукция – product құрам – состав – ingrediens |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Математика |
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақтарда оқушылар тағамдар мен сусындар туралы әңгіме жүргізді. Дұрыс тамақтану туралы ұғымдары бар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5-7 мин | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың көңіл- күйлерін сұрау Сабаққа дайындықтарын тексеру Сабаққа кіріспе: -Тағамдарға не жатады? Қандай сусындарды жақсы көресін? Пайдалы тағамдарға не жатады? Пайдасыз тағамдарға не жатады? (Ж) Жұпта мынандай сұрақтарды талқылауға тапсырма беріледі: 1.Қазақстанда жасалатын қандай өнімдерді білесіңдер? 2. Оларды кім өндіреді? 3. Қандай қалаларда өндіреді? -Бүгінгі сабақта Қазақстанда не өндіріледі, Қазақстан қандай өнімдер өндіреді, өнімнің құрамы туралы айтамыз.
Оқушылар саяхат жасау үшін 4 топқа бөлінеді Картанын суретін көрсету. -Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан | Интерактивті тақта Өнімдердің қорапшалары Күріш, сұлы жармасы, шырын, айран қорапшалары суреттер, т.б. Презентация «Отандық өнімдер» Қазақстанның физикалық картасы | ||
Сабақ ортасы 5 мин 10мин 5 мин 5 -8мин | (Ж) Ойлан 1. Ақшаға қандай тағам түрлерін сатып алуға болады? 2.Олар сенің үйіңе қайдан келеді? 3. Нені тегін алуға болады? 4. Мәтінді оқып, жұпта талқылау (Т) Еліміздегі тамақ өндірісі. Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсыру. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек.Нәтижесін постерге орындауы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинайды. Әр топ мүшесі тиісті сурет пен сөйлемді табуы тиіс. Берілген сөлемдер: Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді. Алматыда әлемге танымал апорт алмасы өседі. Каспий теңізінде балық өндіреді. Батыс Қазақстан- консерв және балық өндіретін жер. Солтүстік Қазақстанда бидай өсіреді. Солтүстік Қазақстанның нан өнімдеріөте дәмді және сапалы. Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Шығыс Қазақстанда ет консерв зауыты бар. (ҚБ) Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, басқа топтар бағалайды (Ж) Дастарқандағы ас 1. Оқулықта берілген әңгіменІ жұпта рөлге бөліп оқу 2. Диалогтың қалай аяқталатынын ойластыру 3. Әңгімелеп айтып беру немесе сахналап көрсету (Ұ) Мақал-мәтелмен жұмыс. Тапсырманың тәрбиелік мәнін күшейту үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақаланың мағынасын қалай түсінгендерін сұрау. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдайды. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесу. (Т) Сен білесің бе? Топтарға әртүрлі Қазақстанда жасалған өнім түрлері таратылады.Олар ол өнімдерді қарап, оның не екенін айтады, қай жерде өндірілгенін сыртқы қабынан оқиды Саяхат соңында Алматы қаласына келеміз. Оқушылар картадан Алматы қаласын көрсетеді. Қаланың неге бұлай аталу себебін сұрау Қосымша мәлімет: Алматының апорт алмасы туралы әңгімелеу | Өнімдер бейнеленген суреттер, сөйлемдер, флипчарттар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар. | ||
Сабақтың соңы 2 мин | Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Сынып қабырғаларында смайлдар ілініп түр, олардың қасына барып өздерін бағалайды. Қызықты, түсіндім Сұрақтар пайда болды қиын болды | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Кейбір оқушылар топтық жұмыста жетекші рөл атқарады, «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақаланың мағынасын қалай түсінгендерін айтады; жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіреді. | Оқушылар
Оқушылар
| Дұрыс тамақтану, денсаулық сақтау география пәнімен байланыс | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру