Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.2.2. Жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қыздару және қалпына келтіру жаттығуларын жобалау, еңгізу. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар денені қыздыру жаттығуларының маңыздылығын түсіне алады. Оқушылар дене дайындығының жаттығуларынан кейін денені қалпына келтіре алады. Оқушылар түрлі жаттығулар жиынтығын іс-тәжірибеде қолдана алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. ЖДЖ жиынтығын орындау. Қиыншылықтарды өтеп беру. Балама шешімдерді таба білу. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Құрмет, ынтымақтастық. | ||||
Пәнаралық байланыс | Биология. | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Сынып жұптарға бөлінеді. Әр жұпқа тапсырмалар беріледі: денені қыздыру жаттығуларын орындау. Тапсырмалар тізімі: жүріп денені қыздыру; жүгіру түрлі тәсілдермен; мойын мүшесіне арналған жаттығулар; қолға арналған жаттығулар; белге арналған жаттығулар; аяққа арналған жаттығулар; күш пен секіргіш сапасын дамытуға арналған жаттығулар. Мұғалім бағыттаушының рөлін атқарады, қажет болған жағдайда іс-тәжірибедегі орындаған тапсырмаларға өзгерістер еңгізеді. Әр жұп өздерінің қыздыру жаттығуларын жасайды. | Спортзал, ысқырық, музыка орталығы. (музыкальный центр). | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Өткен дене қыздыру жаттығуларын талқылау. Өзара бағалау. Мұғалім оқушыларға гимнастикалық кешеннің балама нұсқасын құрастыру жөнінде тапсырма береді. Сыныпты топтарға бөлу: акробатикалық жол, арқан. Акробатикалық жол: бір аяқта тепе-теңдікті ұстау, алдыға және артқа айналу, жауырында тұру, баста тұру, гимнастикалық көпірше, жанымен айналу. Осы элементтердің ішінен оқушы өзінің акробатикалық кешенін құрайды. Мұғалім тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға дескрипторларды айтады. Арқанға өрмелеу: екі тәсілмен өрмелеу, үш тәсілмен өрмелеу, аяқтың көмегінсіз өрмелеу. Жаттығуды орындамастан бұрын мұғалім оқушыларға қауіпсіз ережелерді сақтау жөнінде айтады және оқушыларды қадағалап, оларға көмектеседі. Әр топ бір-бірін бағалайды. | Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, өрмелеу арқандары. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Топтың жиыны: Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: дене қандай қызметтер арқылы қалыпқа келтіруге болады? Қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау. | Спортзал. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуларды орындау кезінде оқушы өзін-өзі бағалауды жүргізеді және мұғалімнен кері байланыс алады. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Топтық жұмыс қарым-қатынастың дұрыстығын ескере отырып жүргізіледі. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.