Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 3
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.2. Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясн қолдану және құру. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар акробатикалық элементтерін жасай алады. Оқушылар акробатикалық элементтерін біріктіріп, кешен құрастыра алады. Оқушылар акробатикалық жиынтықтың орындау техникасын жетілдіре алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Акробатикалық элементтердің техникасын сауатты орындау. Акробатикалық элементтерді құрастырып, біріктіру. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Ашықтық, жауапкершілік. | ||||
Пәнаралық байланыс | Биология. | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Түрлі тәсілмен, бір-біртіндеп, бір бағанмен жүру: әшейін, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтере, түзу аяқты алдыға лақтыра, әшейін жүру. Мұғалім берілген тапсырмалардың орындауын қадағалайды. Бір қалыпта жүгіру: Бір-біртіндеп, бір бағанмен жүгіріп, мұғалімнің ысқырығы бойынша мынандай тапсырманы орындайды: жүгіріп келе жатып, жоғарыға секіру. Жүру және жүгіру музыкалық сүйемелдеумен орындалады. Жүру және денені қалыпқа келтіру. ЖДЖ орында орындалады. Әр оқушы өзінің денені қыздыру жаттығулар жиынтығын орындайды. Мұғалім ең қызықты жаттығуларды қадағалап, сол жаттығуларды көрсеткен оқушыға, бүкіл сыныпқа көрсетуін сұрайды. Жатып, қолды бүгіп жазу мен пресске арналған жаттығулар. | Спортзал, ысқырық, музыкалық орталық. (музыкальный центр). | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Акробатикалық жаттығулардың синхронды орындау: бір аяқта тепе-теңдікті ұстау, алдыға-артқа айналу, гимнастикалық көпірше. Бұл элементтерді әртүрлі тәсілдермен орындауға болады. Әр топ бір-бірін бағалайды. Өзара бағалау үштік түрінде жүзеге асырылады. Дескрипторлар: синхронды жасау, нақты орындау, жиынтықтардың құрастыру күрделілігі. Сабақ барысында мұғалім биология пәнінің бөліміне сүйене отырып, сыныппен диалог құрастыру. Гимнастикалық орындықтар мен обручтарды пайдалана отырып, шведтық қабырғаға өрмелеу. | Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, гимнастикалық орындықтар және обручтар. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Сыныптың жиыны: Сабақты қорытындылау. Әр топ бір-бірін бағалайды. | Спортзал. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және топтық жұмыс тәжірибесін алады. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Сабақ барысындағы топтарда рөлдер өзгеруі мүмкін. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.