Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім – Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру Күні: Сынып: 11 | Мектеп: Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. | |
Оқу мақсаттары: | 11.3.2.2. Жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын жобалау, енгізу. | |
Сабақ мақсаты: | 1. Спорттық гинастика сабағындағы қауіпсіздік ережесін үйрету.2. Өткен сыныптағы акробатикалық жаттығуларды еске түсіру. 3. Оқушылардың акробатикаға керекті дене қасиеттерін дамыту. 4. Дененің дұрыс дамуымен денсаулықтың нығаюына қолғабысын тигізу; | |
Жетістік критерийлері: | Оқушылар мыналарды орындай алады:
| |
Тілдік мақсат | Тақырыпқа байланысты академиялық тіл мен қосымша тілді дамыту. Оқушылар ойынға байланысты негізгі термин сөздерді үш тілде білуі, жаза алуы және қосымша тіл арқылы ашып түсіндіре алуы. | |
Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды. | |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс. | |
Акт қолдану: | Сілтемелер бойынша материалды көрсету | |
Бастапқы білім: | Оқушылар алдыңғы сыныптарда сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділіктің командалық ойындарға қатысу тәжірибесіне ие. | |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |
Сабақтың басы: 10 мин | Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!! 1. Гимнастиканың түрлерін білесіңдер? 2. Спорттық гимнастика деген не? Оның қандай салаларын білесіңдер? Спорттық гимнастикадағы техника қауіпсіздік ережесін қайталау. Спорт зал бойынша айнала жүгіру: 1. Тізенені жоғары көтеріп жүгіру. 2. Өкшені артқа сілтеп жүгіру. 3.Тіркеме адыммен қолды айландырып жүру. 4. Жанымен қайшылап жүру. 5. Рет оң жақ, рет сол жақпен тіркеме адыммен жүру. 6. Секіріп тізені кезек көтеріп, қолды айландыра секіру. 7. Артқа өкшені сілтеп жүгіру. Демді қалпына келтіру жаттығуы. Сынып болып жалпы дамыту жаттығуын орындау. | Бос кеңістік, Бос кеңістік, ысқырық Жаттығу орындау үшін бос кеңістік | |
Сабақтың ортасы 60 мин | Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
I. Гимнастикалық секіргішпен жаттығулар кешені:
II. 3-4 рет алға домалау. III. 3-4 рет артқа домалау. IV. 3-4 рет артқа домалау.
V. «көпірге» түсуді қайталау. Дифференциация: Оқушылар акробатикалық жаттығуларды орындайды. Алға, артқа домалау, жауырынға тұру, көпірге түсу жаттығуларын арындауға қиналған балалар жаттығуды бөлшекпен және көмекпен орындайды. VI. Топпен акробатикалық элементтер жиынтығын құру: 1) Оқушылар 2 топқа бөлінеді 2) Оқушылар өз ара ақылдасып акробатикалық жиынтық құрайды 3) Бір-бірін бағалап дайын акробатикалық жиынтықты орындайда 4) Екі топ бір-бірін бағалайды 5) Мұғалім, оқушылар бірігіп екі құралған акробатикалық жиынтықты талқылайды, бағалайды. Санамақ ұлттық ойыны: (демді қалпына келтіру) Оқушылар мұғалімге қарсы әр жерде, бір-бірінен алшақтап тұрады. Мұғалім айтып тұрып түрлі жаттығуларды көрсетеді. Кейде айтқаны мен көрсеткені сәйкес келмейді, сол кезде оқушылар шатаспай айтқанын істеу керек. Шатасқан оқушы алға бір қадам жылжып отырады. Оқушылар өз идеяларымен бөлісіп, зерттеушілік әңгіме жүргізіп, олардың шығармашылық ойлауы және бақылау дағдылары тұрғысынан пікір бір-біріне білдіреді Жетістігі. Оқушылар акробатикалық элемент түрлерінің айырмашылықтары мне ерекшеліктерін, ережелерін түсініп бір – біріне түсіндіріп, бағалай алады. | Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу орындау үшін бос кеңістік, гимнастика матылары Жаттығу үшін кең кеңістік, сертпе тақтайша, гимнастикалық кіші ағаш ат | |
Сабақтың соңы: 10 мин | Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып, сапқа тұрғызу. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Сабақ бойынша рефлексия «Менің сабақтан алған әсерім.........», «Менің ұсынысым......», «Маған ұнаған тұстары........» Үй тапсырмасы - дене қабілеттерін дамыту жаттығулары | Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау. | |
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? | |||
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||
Жалпы оқушыларды бағалау: | |||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) | |||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) | |||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) | |||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.