Қауіпсіздік ережесі. Командалық ойындағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспары

1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ

7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі.

Командалық ойындағы көшбасшылық және көшбасшылық дағдысы.

 Осы сабақта қол

  жеткізілетін

 оқу мақсаттары

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру

10.1.1.1. Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру

 

 Сабақ мақсаттары

- командалық ойында стратегия құрастыру арқылы көшбасшылық дағдысын дамыту;

- спорттық арнайы қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың физикалық қабілеттерін дамыту.

 

 Жетістік критерийлері

- оқушылар қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- баскетболшының арнайы қимыл-қозғалыстарын орындайды;

- спорттық ойын барысында командамен жұмыс жасай алады және қажетті стратегияны қолдана алады.

 

 

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология

  • қабылдау, беру
  • лақтыру, пас, соққы
  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық
  • тәсіл, стратегия, мәселе, шешім
  • қауіпсіздік, ереже, ойын
  • шабуылдаушы, қорғаушы, байланыстырушы
  • ойын қисыны

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шабуылдаушы әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Ойын ережесін сақтадыңыз ба?
  • Жақсы ойнау үшін ойын қисынында нені жақсарту қажет?
  • Ойын барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет пе?
  • Баскетбол ойынын ойнау үшін қауіпсіздік техникасының қандай ережелерін білесіз?

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында ынтымақтастық құндылығын дамыту арқылы сабақ кезіндегі оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика сабағымен байланыстыру, жылдамдық, күш, төзімділік.

Бастапқы білім

9 сыныпта өткен баскетбол сабағынан алған білімдері бар.

Ғаламдық ойлау дағдыларын қалыптастыру

ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жүлдеге іліккен елдері туралы мәлімет беру.

Баскетбол (әйелдер):

1.АҚШ; 2. Испания; 3. Сербия

Баскетбол (ерлер):

1. АҚШ; 2. Сербия; 3. Испания

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы ортаға талаптау, оқушылар ортаға шығып екі шеңбер құрайды(ұлдар,қыздар), бір-біріне иық тұсына ұқалау жасайды.

2. Пазл құрастыру арқылы топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады.

3. Оқушыларды сапқа тұрғызып бір орында; «Оңға!», «Солға!», «Кері бұрыл!».

4. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

5. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

6. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

7. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

8. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

9. Жалпы даму жаттығулары:

- Оқушыларды екі қатарға тұрғызылып жалпы дамыту жаттығуларын орында тұрып орындайды, мұғалім белгі берген кезде алаңның ортасына дейін жүгіріп орнына жүгіріп қайтулары керек.

Жабдық: секунд өлшегіш, фишкалар

Карточка №1

Қауіпсіздік техникасы.

http://referat911.ru/Fizkultura-i-sport/basketbol-ojynny-aupszdk-erezheler/561673-3334138-place1.html

Карточка №2

Сабақтың ортасы

1 тапсырма

Оқушылар топтарға бөлініп, баскетбол ойыны туралы мәліметтерді талқылайды: қауіпсіздік ережесі, техникасы және негізгі ережелері(таратпа материалдар беріледі) жөнінде білімдері жоғарылайды. Сөйтіп оқушыларда баскетбол ойыны туралы теориялық білім кеңейе түседі.

Дескриптор :

-топпен бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындайды;

-командада жұмыс жасай алады;

-ойынның ережесі және техникасы туралы айта алады.

2 тапсырма

Допты қалай ұстау керек екенін түсіндіру а) негізгі допты ұстау әдісі бес саусақ арасын ашып, қысып ұстайды; б) шынтақ буыныңда қол бүгілі кеудеге жақындатып ұстау;

в) жұпта тұрып бір-біріне доп лақтыру және ұстау.

Дескриптор:

1. мұғалімнің белгісі бойынша жаттығуды бастау.

2. баскетбол добын алақанмен дұрыс ұстау.

3. допты лақтыру және ұстап алуы.

3 тапсырма

Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларына икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып, баскетболшының техникасына үйлестіру.

Ойыншының негізгі қозғалыстары:

а) жүріп келе бұрылысты орындап, тоқтай салу.

– алға

– артқа

– солға

– оңға

б) қозғалыста белгі берілген кезде жүріп, жүгіріп, тоқтау:

– секіріп

– екі қадамдап

– бұрылып қарама қарсы жаққа жүру және жүгіріп орындау.

Дескриптор:

1. мұғалімнің белгісі бойынша жаттығуды орындау.

2. аяқпен үйлесімді жұмыс жасай алуы.

3. арттық адым жасамау, белгі бойынша белгіленген жерге тоқтау.

4 тапсырма

Оқушыларға екі жақты үйрету ойыны беріледі. Ойында доп жүргізілмейді, допты беру, допты қағып алу, допты лақтыру және доппен тек екі адым жасау ғана қарастырған.

Дескриптор:

- қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;

- ойын ережелерінің сақталуы;

-ойын барысындағы стратегия құрастыра алады.

- себетке доп салу.

Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік.

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш, таратпа материалдар.

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Сабақтың соңы

Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.

Сұрақ-жауап арқылы өткізіледі.

Саралау

- барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады; - - оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады;

- көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған;

- оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтары жоғары деңгейде дамыған;

Бағалау

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Сабақ бойынша рефлекия:

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1. Жаттығу адамды табандылыққа үйретеді;

2. Өзін-өзі ептілікке, табандылыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1. Оқушылардың сабаққа берген рефлексиясы мен мінездемелері;

2. Сабаққа әріптестердің қатысуы, сабақтан кейінгі талдаулар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу