Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 60 сабақ.


Сабақ жоспары № 60

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

 Сабақ мақсаттары

- командалық ойында денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді түсінеді,

-техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне алады;

 Бағалау критериі

-техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне алады;

-денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік, адал ойын
  • Ереже, жарыс, серіктестік
  • Рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы
  • Қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер
  • Серіктестік, проблемаларды шешу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Сенімділікті арттыру үшін жұппен жұмыс жасау кезінде әрекетті қалай өзгерту керек?
  • Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбасшылық қабілетті қалай дамыту керек?

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы үздіксіз білім алу, Ынтымақтастық, Академиялық шындық

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу

Сабақтың мақсатын тақырыбын түсіндіру

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-ойын кезінде қауіп қатерлерді анықтайды.

Қозғалыс әрекетін дамыту жаттығулары

«Шекарашылар мен барлаушылар»

1 топ шекарашылар

2 топ барлаушылар

Ойының ережесі.

Спортзалдын бір жағында доптар болады балалардын санына байланысты. Шекарашылар доптарды қорғау керек барлаушылардан. Барлаушылар доптарды алуға тырысады,барлық доптарды алып болған сон ойын аяқталады. Содан кейін орындар мен ауысады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(К, Т, ҚБ)

«Допты қағып ал» ойыны

Оқушыларды топқа бөліп шеңбер құрады. Шеңбер ортасында бір оқушы қолында доппен тұрады. Белгі бойынша қолындағы допты жоғары лақтырып шеңбер сыртындағы бір ойыншының есімін айтады. Ол оқушы допты жерге түсірмей қағып алу керек . осыдан кейін ойын келесі ойыншыға өтеді. Қай топ ойыншылары допты жерге аз мөлшерде түсірсе сол топ жеңіске жетеді.

(Т, ҚБ) Оқушылар топпен ойын барысында болуы мүмкін қауіп қатерлердің алдын алу жолдарын қарастырады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын ережесін біледі

-ойында болатын қауіп қатерлерді анықтайды.

- ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.

-лақтырған допты қағып алады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұрақтарды талқылаңыз:

Ойын кезінде ереже бізге не үшін керек?

Қорғаушыны алдап өтудің ең қолайлы әдісін атаңыз?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлекция пирамидасын толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.