Қауіпсіздік ережесі. Техникалық әдіс дағдылары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme3-4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 10

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Техникалық әдіс дағдылары.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Спорттық - спецификалық қозғалыс әрекеттерінде кең ауқымда, ептілікті және бақылауды үйлестіру.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы шаңғы дайындығының техникасын жетілдіре алады.

Оқушылардың көбісі берілген тапсырмаларда жақсы нәтиже көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі альтернативті ойларды қоса алады.

 Жетістік өлшемдері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Шаңғы дайындығын жетілдіру.
  • Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсалықты бекітуге арналған шыдамдылықты дамыту жаттығулары кешені мен физикалық жаттығулар қандай салым енгізгенін контекст үшін, басқалардың білімін сараптай, талқылай, өздерінің білімдерін көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғымен адымсыз жүру, конькишн жүру, бірмезгілдегі жүрістер, алмакезек жүрістер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Құрмет, ынтымақтастық.

 Пәнаралық байланыс.

Физика

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=UJ0Byx8JRqA

 Алдыңғы білім.

Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған тәжірибе.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың шаңғы базасындағы жиыны. Сабақтың мақсаттарын және сабақтың критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы және шаңғы инвентарын беріп, мектеп стадионына шығару.

Орнында отырып, тұру.

ЖДЖ орнында тұрып жұпта жасайды. Әр өздерінің жиынтық жаттығуларын жасайды.

Оқушылардың өздеріне ыңғайлы, бірқалыпта, шаңғымен жүгіру.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 76 минут

Шаңғының техникасын жетілдіруіне байланысты мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді:

  • Шаңғымен адымсыз, 5 рет таяқшамен итерілу. Күш келгенше әрі қарай итерілу керек. Оқушылардың қайсысы тапсырманы жақсы орындайды, оларға 4 рет таяқшамен итерілу керек.
  • 100 метр қашықтықты жылдамдықпен өту керек. Жүгірісте 3 немесе 4 оқушы қатысады. Әр оқушы өз жүгірістерін ұту керек. Оқушы өзіңе ыңғайлы жүрісті қолдана алады.
  • «Таудан түсу тәсілдері» Таудан түскен кезде оқушы конустарды айналып өту керек. Қай оқушы тапсырманы жақсы орындады, сол оқушыға мұғалім, тапсырманы отырып орындауын сұрайды.
  • Оқушылар 4 шаңғы жүрістерін анықтайды. 2 минут ішінде оқушылар шаңғы жүрістерін жетілдіру керек. Керек болған жағдайда мұғалім оқушылардың шаңғы жүрісін дұрыс орындауына байланысты, өзгертулер еңгізеді. Және де мұғалім кейбір оқушыларға, жылдамдықты жоғарлатуын сұрайды.

Әр жаттығудан кейін оқушылар өзара бір-бірін бағалап оытрады. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар, өздерінің ұсыныстарымен бөліседі. Талдау кезінде оқушылар физика заңын қолданып отырады.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы заттары, конустар.

Сабақтың аяғы

77 – 80 минут

Оқушылар шаңғы базасында жиналады. . Шаңғы және шаңғы инвентарын тапсыру. Кері байланыс.

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.