Доппен топтық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

2 бөлім – Командалық ойынның қозғалыс дағдысы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Доппен топтық тапсырмалар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Түрлі дене жаттығулары аясында үйлесімділік пен бірізділікті комбинацияларды ойлап табуға үйрету;
  • Түрлі ойын жағдайларында үйлесімділік пен бірізділікті комбинацияларды қолдануға үйрету.

Бағалау критерийлері

- түрлі дене жаттығулары аясында үйлесімділік пен бірізділікті комбинацияларды ойлап таба алады;

- түрлі ойын жағдайларында үйлесімділік пен бірізділікті комбинацияларды қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика мен терминология мыналарды қамтиды:

  • допты қабылдау және қайтару, пасс, допты ойынға қосу;
  • шабуыл, қорғаныс, қарсылас;
  • стратегия, комбинация;
  • доптың жылдамдығының/бағытының өзгеруі.

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сабақтарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте меңгерген командадағы өзара әрекетттестік дағдыларына ие.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

2-3 минут

7-8 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Одан кейін мұғалім оқушылармен келесі сұрақтарды талқылайды:

- комбинация деген не?

- допты қабылдау, қайтару?

- ойын жағдайы деген не?

Мұғалім оқушылардан сабақтың тақырыбын айтуларын сұрайды: «Доппен топтық тапсырмалар».

Одан кейін мұғалім оқушыларға оқу мақсатын тұжымдырап, бағалау критерийлерін белгілеп, оларды құрастырылған нұсқамен салыстыруды ұсынады.

, Ж) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Барлық жаттығулар үшін үлкен, таза алаң

Сабақтың ортасы

7 минут

7 минут

6 минут

(Т, Тәж., К, ҚБ) Сыныпты екі немесе одан да көп топтарға бөлу және ойындағы тәсіл мен стратегияны жақсарту үшін қарапайым ойын комбинацияларын құрастыру тапсырмасы беріледі. Мысал ретінде оқу тапсырмалары бар №1, №2, №3, №4 карточкалар таратылады.

Әр топ өздері құрастырған ойын комбинацияларын көрсетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • қарапайым комбинацияларды құрастыра алады;
  • қарапайым комбинацияларды көрсете алады.

Мұғалім қалыптастырушы бағалауды мадақтау әдісі арқылы («Жақсы!», «Тамаша!») жүзеге асырады.

Ұсынылған ойын комбинацияларын топтарда талқылау,талдау және баға беру.

Волейбол алаңы.

Волейбол доптары, оқу тапсырмалары бар карточкалар, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Интернет ресурстарына сілтеме: «Шабуылдағы волейбол ойын комбинациялары»: http://www.volley4all.net/tactics/95-playingsituation.html

"Крест спереди" комбинациясы

https://www.youtube.com/watch?v=eUg40ROdCCI

"Крест за спиной" комбинациясы

https://www.youtube.com/watch?v=8Y0_JuMWLJk

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = формативтік бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.