Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №9 сабақ

Егер бірінші тапсырманы орындау кезінде уақыт көп кетіп қалса, екінші тапсырмада ұзындыққа жүгіріп келіп емес, бір орыннан секіруді өткізіңіз. Секіру орындағы белгілерді алдын-ала дайындаңыз. Әр секіруден кейін орынды тегістеп отырыңыз.

Оқушыларға сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«Арқаға сурет салу» әдісін қолданып өткен сабақты қайталау жүргізіңіз.

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беріңіз, мәселен үйрету, көрсетіп беру. Екпін алып ұзындыққа секіру, екпін алу,итерілу, ұшу, жерге түсу секілді секіру фазалары бойынша біріккен элементтерді орындау техникасы. Жек нәтижелерді есепке ала отырып, 5-7 және 7-9 адымнан екпін алып толық үйлесімділікте секіруді орындатыңыз.

Сұраңыз: Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды? Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.