Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 9 сабақ.
Сабақтың тақырыбы
Секіруді дамытуға
арналған іс-шаралар
Оқу мақсаты
кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете білу
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-секіру техникасын түсінеді.
-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру1..Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
Секіру жаттығуларын дамыту.
Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру,
үйрету, көрсетіп беру. Екпін алып ұзындыққа секіру, екпін алу,итерілу, ұшу, жерге түсу секілді секіру фазалары бойынша біріккен элементтерді орындау техникасы. Жек нәтижелерді есепке ала отырып, 5-7 және 7-9 адымнан екпін алып толық үйлесімділікте секіруді орындау.
Секіру төрт жаттығу жиынтығынан тұрады.
1.Екпіндей жүгіру.
2.Серпілу.
3.Алға ұмтылу.
4.Жерге түсу
Ұзындыққа секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп,және соңғы жасаған адымымыз екпінмен жүгіріп келе жатырғандағы адымға қарағанда кішілеу жасалады.Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс. Оқушыларды кезек-кезек секіру.
Қорытынды бөлім
Жай жүру, қалыпқа түсіру жаттығулары
Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.