Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 91 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 91

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі

Оқу мақсаттары

3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру

 Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру шеберлігін түсінеді және көрсетеді

 Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді жетілдіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Ойын белсенділігі кезінде әлеуметтік дағдыларды түсіну, көрсету және талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • әділ ойын, ереже жарыстар серіктестік
  • сұраныс қабілет
  • кошбасшылық ролдер, қорғаушы, көмекші
  • кеңістіктегі ойлау: сызық, бұрандық, шеңбер, кедергілер
  • шабуыл, қорғаушы
  • секіргіш, секіру, жүгіру, лақтыру
  • дене бөлшектері: бас, қол, аяқ, иық, бел

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Айта аласыздар ма, неліктен ойын алаңын мұқият таңдаймыз?
  • Тапсырма орындауда бір біріңізге қалай көмек бердіңіздер?
  • Дұрыс натижеге жету үшін қандай үздік әдісті қолдандыңыз?
  • Өзіңіздің тапсырмаңзды орындауда қандай тактиканы қолдандыңыз?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар орындау барысында физикалық белсенділік және төзімділік қызметінің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша ойын арқылы әлеуметтік дағдылар физикалық белсенділік және төзімділік қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған қозғалыс әрекеттерінде, әлеуметтік дағдыларды және төзіміділік қызметі бойынша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(С, Ж, ҚБ) «Күзетшілер мен барлаушылар». Ойыншылар екі топқа бөлініп арақашықтығы 20 метрде бір біріне қарама қарсы орналасады. Алаң ортасында шеңберде волейбол добы қойылған. Командадағы ойыншылар қатармен есептеледі. Барлаушылардың міндеті-допты өз сызықтарына алып кету. Бекетшінің міндеті оған тосқауыл қою. Мұғалім ойыншының номерін айтатын болса допқа жүгіріп барады. Барлаушы бекетшіні озып допты алып кетуге әрекет жасайды. Егер барлаушы допты алып кетсе бектеші барлаушының тобына қосылады. Ал егер бекетші барлаушыға жетіп қолын тигізсе барлаушының тобына қосылады. Ойын кезінде ойыншылар рольдерімен ауысады. Ойын соңында басқа топтан келген ойыншылар саны саналып қайта орындарына қосылады Ең көп ойыншылар өз топтарына қабылдаған ойыншылар жеңіске жетеді. Ойын алдында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізіңіз. Ойын барлық ойыншылар аяқталғанға дейін ойын жалғасады. Ойынды бірінші рет жай бастаңыз. Оқушылардың қауіпсіздік ережесін түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ойын барысында команда құрамын ауыстыруға болады. Сұраңыз: дұрыс натижеге жету үшін қандай үздік әдісті қолдандыңыз? Өзіңіздің тапсырмаңзды орындауда қандай тактиканы қолдандыңыз?

Дескриптор:

  • Шеңбер ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
  • Ойынның ережесін біледі.

ҚБ: бірін-бірі бағалау.

Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік, ысқырық, волейбол добы.

Галамторға сілтеме: Қозғалмалы ойындарға арналған

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу